ДОСТЫҚТЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ақыл-ойы дұрыс, тақуа, ғалым, адамгершілігі мол, жақсы тәрбие алған адаммен достық қарым-қатынас орнатуы керек.
Қателік жасағаныңда саған ескертетін, дұрыс ақыл-ойын айтып көмектесетін, жол сілтейтін, іші-сыртына жарасатын адаммен достасу керек.
Жаман адаммен дос болма. Жаман адам улы жылан сияқты. Мұндай адамдар сенімен жеке басының қамы үшін ғана дос болады.
Біреумен достаспас бұрын оның адамгершілік қасиеттеріне қарау керек. Бұны ең сенімді жолы - оның ашуланған кезде не істейтіні. Ашуланған кезде әділ болмаған адамның достығына сенуге болмайды.
Лұқпан Хакім баласына былай деп насихат айтады: «Уа, ұлым! Ашуланғанда саған әділ болған кісімен достас. Әйтпесе, оны таста».
Ең жағымсыз мінез – өзі опасыз бол тұра, басқа біреуден шынайылық күту және риямен жасаған амалы үшін сауап күту. Опасыз адаммен достасып, сені бағалай алмаған адамға жақсылық жасаудың пайда жоқ. Амал жасалмаған білімде қайыр болмайтыны сияқты, опасыз достықта да қайыр жоқ.
Нағыз достық ешқандай пайда күтпей, болмашы себептермен бұзылмайтын достық. Табиғин Юнус ибн Убайдтың (р.а.) басына бір қиыншылық келді. Одан жақын досы Ибн Ауф хабар алып алмағанын сұрағанда: «Сенімде бір досымыздың бізден хабар алмауы достығымызға кедергі болмайды» - деп жауап береді.
Адам өз бауырларына қиындық тудырмауы керек. Егер мұндай жағдай туындаса, оның шешімін іздеуі қажет. Бұны кішкене мәселе деп қарамай керек. Өйткені кішкентай болып көрінетін нәрсе жиналып, үлкен машақат болып кету мүмкін.