ДҮНИЯУИ ӨМІР

23 сәуір 2024 316 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ نَزَلَتْ بِهِ فَاقَةٌ فَأَنْزَلَهَا بِالنَّاسِ لَمْ تُسَدَّ فَاقَتُهُ وَمَنْ نَزَلَتْ بِهِ فَاقَةٌ فَأَنْزَلَهَا بِاللهِ فَيُوشِكُ اللهُ لَهُ بِرِزْقٍ عَاجِلٍ أَوْ آجِلٍ. (ت)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Кімде-кім басына ауыр күн туып, мұқтаж күйге түссе және оны жұртқа айтса, мұқтажы өтелмейді. Кімде-кім басына күн туып, мұқтаж күйге түсіп мұны Алла Тағалаға айтса, Алла Тағаланың ол пендені дүние мен ақыретте байлыққа кенелтеді”. (Сүнән Tирмизи)

Имам Раббани (қ.с.) былай деген:

Дүниенің жалғасы шынында тым шолақ. Ал ақырет азабы өте күшті әрі үзілмейді. Солай болған соң сендерге керегі ақыл-ойды пайдалану және дәмсіз дүниенің сұлулығына алданбау қажет. Егер құрмет пен артықшылық дүниеуи себепке байланысты болса,  дүниенің мол несібесі бұйырған кәпірлердің құрметі мен артықшылығы басым болуға тиіс еді. Дүниенің көркіне алдану ақылсыздықтан. Ақылды адамға лайығы аз күндік мүмкіншілікті олжа санап, осы аз ғана мүмкіндікте Алла Тағаланың ризашылығы үші еңбектенуі және Алла Тағаланың жаратқан мақлұқатына жақсылық жасау. Өйткені Алланың әміріне бойұсыну және Алланың жаратқан мақлұқатына мейіріммен қарау ақырет азабынан құтылу үшін екі үлкен негіз. (1-т., 98-х.) 

…Өлімді ешқашан естен шығармаңдар және бірыңғай Алла Тағала разы болатын нәрселерге бет бұрыңдар; дүнияуи өмірді алдамшы сұлулық деп қана санаңдар. Eгер дүнияуи нығметтердің (Aлла Tағала алдында) қылдай құны болса, кәпірлер оны қажетіне жарата алмас еді және жамандарға одан ештеңе берілмес еді. (1-т., 89-х.) 

Eгер (біреудің көзіне) дүние бағалы көрінсе, ақыреттің қадірі жоқ. Ал егер дүние құнсыз болса, ақырет қымбат. Бұл екеуін біріктіру болса, қарама-қайшы нәрсені қосумен тең (яғни мүмкін емес). (1-т., 33-х.)

Діни үкімдерді орындау мүмкін болған (нәпсіге жеңіл болған) кезде дүниенің зиянынан құтылуға болады және ондай кезде дүние ақыретпен бірлеседі.  (1-т., 72-х.)

Соңғы насихат ретінде; шариғаттың иесі  болған Пайғамбарымызға (с.a.у.) қалай да бағыну керек. Мұнсыз азаптан азат болу мүмкін емес. Дүниенің әшекейіне қызықпау керек және бар-жоғына мән бермеген жөн. Өйткені Aлла Tағала дүниеге жаман қарайды. Oл үшін дүниенің еш құны жоқ. Сол себепті құлдарының жанында дүниенің жоқтығы барлығына қарағанда, қайырлы болуға тиіс. Опасыз дүниенің бір демде өте шығатыны белгілі; тіптен сәт сайын көріп жүрміз. Бұған дейін келіп-кеткен дүние әһлінен ғибрат алыңдар.

Aлла Tағала біз бен сізді Пайғамбарымыздың (с.а.у.)  жолынан айнытпасын. (Mәктубат Имам Раббани, 1-т., 74-х.) 

Пікірлер Кіру