ДҮЗДЕ ЖҮРСЕМ БАТЫРМЫН

05 қазан 2023 3208 0
Оқу режимі

Толыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, баймырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан қайтқан бір топ бай-мырзалар қонақасыдан ұялтып кету үшін Толыбайдың үйіне сау ете түсіпті. Бұл кезде Толыбай жалаңаяқ, жалаңбас тары түйіп жатса керек. Келген мырзалар үй сыртынан:

— Ассалаумағалейкум, Толыбай батыр! — дейді.

— Ағалайкуміссалам, жайсаң мен қасқалар,

Кедейшілік ердің түсін басқалар.

Дүзде жүрсек батырмыз,

Үйде отырсақ қатынбыз,

Қатын ауру, бала жас,

Тары түйіп жатырмыз.

Таудан үлкен талабым бар,

Ит ішпейтін шалабым бар,

Түссеңдер міне лашық,

Кетсеңдер жолдарың ашық! — депті Толыбай шешен.

Сонда келген адамдар разы болып, ат, шапан беріп қасына ала жүрген екен.

 

Пікірлер Кіру