ЕГЕР САДАҚА БЕРЕТІН ЖАҒДАЙЫ БОЛМАСА

27 наурыз 2024 1084 0
Оқу режимі


عَنْ أَب۪ي مُوسٰى عَنِ النّبِىِّ قَالَ: «عَلٰى كُلِّ مُسْلِمٍ صَدَقَةٌ» قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ لَمْ يَجِدْ؟ قَالَ: «يَعْمَلُ بِيَدَيْهِ فَيَنْفَعُ نَفْسَه وَيَتَصَدَّقُ»: قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ لَمْ يَسْتَطِعْ؟ قَالَ: يُع۪ينُ ذَا الْحَاجَةِ الْمَلْهُوفَ» قَالَ: أَرأَيْتَ إِنْ لَمْ يَسْتَطِعْ قَالَ: «يَأْمُرُ بِالْمَعْرُوفِ أَوِ الْخَيْرِ» قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ لَمْ يَفْعَلْ؟ قَالَ: «يُمْسِكُ عَنِ الشَّرِّ فَإِنَّهَا صَدَقَةٌ

Әбу Мұса әл-Әшғариден (Оған Алланың сәлемі болсын) жеткен хадисте:

 «Бірде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Садақа беру әрбір мұсылманның міндеті, - дегенде,

 Әбу Мұса: Егер садақа беретін жағдайы болмаса ше? - деп сұрады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

Өз қолымен еңбек етіп, бір жағынан, өзіне пайда келтіріп, екінші жағынан садақасын береді - деп жауап берді.

Әбу Мұса: Ал егер оған да мүмкіндігі болмаса ше? - деп сұрады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

Таршылық көрген мұқтажға қолұшын созсын - деді.

 Әбу Мұса үшінші рет: Бұл да қолынан келмесе не істейді? - деп сұрады.

Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

Онда адамдарды жақсылыққа (немесе қайырлы іс жасауға) шақырсын - деді.

Әбу Мұса тағы да: Егер бұл да қолынан келмесе ше? - деді.

 Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Ендеше жамандық атаулыдан бойын аулақұстасын. Өйткені, ол да садақа - деп жауап берді» - делінген.

(Бухари,Муслим риуаят еткен)

Пікірлер Кіру