ЕҢ ҚИЫН СҰРАҚ

01 ақпан 2022 5592 0
Оқу режимі

Бір үйде тұратын төрт студент таңертең ұйықтап қалып, емтиханға кешігіп қалады. Отырған көліктерінің дөңгелегі жарылып, үлгере алмағандарын айтып ақталады. Сол себепті олардан қайта емтихан алуды өтініш жасайды. Оқытушы келісімін береді.

Ертеңіне оларды бір аудиторияға жинады. Төртеуін төрт бөлек отырғызып, үш сұрақ қойды. Бірінші және екінші сұрақтардың дұрыс жауабы үшін 15 баллдан белгіледі. Ал, үшінші сұраққа 70 балл қойылатын болды. Алайда, ол өте қиын болатын: «Көліктің қай дөңгелегі жарылды?»

Қазақта «Айла алтау болса, ақыл жетеу» деген сөз бар. Асыл дінімізде жалған сөйлеп жұртты алдау ауыр күнәлардың бірі болып саналады. Құйрығы бір-ақ тұтам өтіріктің, әйтеуір, бір арты ашылады. Әрі ақырет күнінде де сұралары сөзсіз. Сондықтан өтірік айтудан барынша сақ болғанымыз жөн. 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру