Ерік Омарғали

20 желтоқсан 2018 6478 0
Оқу режимі

Ерік Омарғали 1992 жылы 22-наурызда ШҚО, Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылында дүниеге келген. Қазақ Инновациялық Гуманитарлық Заң Университетінің филология мамандығының 3-курс студенті. Республикалық Ілияс Жансүгіров мүшәйрасының 1-орын иегері. Қалалық, аймақтық мүшәйралардың жүлдегері. 

Мұхаммедім, сен сүйген үмбетіңмін

Бірлігі мен Әл-Хақтың һәм барлығын,
Ең жақсы жол сенікі – таңдар кімің?
Тәһәжүдке жығылған түндеріңмен,
Шайтан үріккен дұғаңнан алғаным құн.

Мұхаммедім! Сен сүйген үмбетіңмін.
Ақиқаттың ақ туын жырмен тілдім.
Қырығыңда берілсе пайғамбарлық
Он үшімнен ақын боп күн жетілдім.

Шын мұсылман Құранды қорек тұтар.
Салауатты өзіңе ерек тұтар.
Хадисіңде, қалдырған Үмметтерің,
Сөздеріңді көңілге медет тұтар.

Сүйіншіленген жәннатпен он сахаба.
Шаһид өткен дін үшін аңсар қара!
Миғраж түні, Жаратқан құдіретімен,
Расул барған жұмаққа, махшарға да.

Он төрт ғасыр сенімін босқа артпадың,
Бәрі де айқын, Кәримді ашсақ, қауым.
Ай мен Күнді қондырса да,
мен жаюдан,
Исламды деген ол
бас тартпаймын!

Құр ақын деп, жынды деп, сенбеген бе?
Қағба үшін де шайқаста ерлегенде.
«Оқы, және оқы, Раббыңның атымен» пайғамбарлық,
Кімге келді, Мұхаммедке келмегенде?!

Нұр жүзіңнен домалақ ұшқын ізгі,
Ләббай, Расул
адалдық түздің ізді.
Тайпасынан шықсаң да Құрайыштың,
Адамзаттың ұлысың күш, білімді.

Баршаға аян мирастық мағрипатың,
Абдолла әке,
Әминә ана,
ар қуатың.
Үмміл Айша жарыңның Мейіріндей
Әли құрған Ислам һалифатын!

Мұхаммедім біз үшін салауатың,
Мұхаммедім біз үшін ғадауатың,
Пайғамбарлар ішінде сұлтанымыз
Мәулітіңде сіз үшін саналатын!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру