Фатиха – сол фатиха

18 қыркүйек 2020 5475 0
Оқу режимі

Сахабалардың көзін көрген табиғиндер солар жасаған амалды жасауға тырысады екен.

Мәселен, Хазреті Омар (р.а) ауырған жеріне зәйтүн майын жағып, Фатиха сүресін оқып дем салып, ем жасаған. Бір табиғин кісі де дәл осылай жасайды. Алайда, ауырған жері жазылғанның орнына одан сайын үдей түсіпті.

Осы жағдайды сұрап Хасан Басриге (р.а) барса, ол: «Фатиха сол фатиха, ал Омардың (р.а) жүрегі мен қолы қайда?!» – деп жауап беріпті.

Құраннан кейін тұратын Имам Бухаридің хадис кітабы «Қандай да бір амал ниетке байланысты...» деп басталғандай, әрбір ісіміз ниетіміз бен амалымыздың сәйкес келуі арқылы нәтиже беретінін түсінуіміз қажет.

Қуат Қабдолда

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру