Гүлсара Борашқызы Ысмағұл

17 желтоқсан 2018 4248 0
Оқу режимі

1954 жылдың 16 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы Арал-ағаш ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1976 жылы Жезқазған облыстық телестудиясы жастар редакциясының редакторы  қызметінен бастаған. 1978-1981 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақфильм» киностудиясы деректі фильмдерді қазақшалау бөлімінің редакторы, 1981-1988 жыддары Орал қаласында  орыс-қазақ мектептерінде мұғалім, 1989-1992 жылдары «Орал өңірі» облыстық газетінде, 1993 жылдан  бастап М.Өтемісов атындағы Орал педагогикалық универститеті филология факультетінде ұстаздық қызметтер атқарған. 2012 жылдан бері зейнеткер.

Анадан жаңа туғандай

Намаздан соң,
Анадан жаңа туғандай,
Жанымды нұрмен жуғандай,
Бойдағы мінді қуғандай,
Fажайып кешемін күй.

Намаздан соң,
Тәңірмен тілдескендей,
Fаламмен бірлескендей,
Жамандық мүлде өшкендей,
Ғажайыи кешемін күй.

Намаздан соң,
Үрейдің мысы басылғандай,
Сарайым ішкі ашылғандай,
Пейіштің нұры шашылғандай,
Fажайып кешемін күй.

Намаздан соң,
Төбем көкке жеткендей,
Мұң ыдырап кеткендей,
Бақытты кешіп өткендей,
Fажайып кешемін күй.

Намаздан соң,
Зәм-зәмнің суын ішкендей,
 Құт-береке алақанға түскендей,
Жүректің жемісі уылжып піскендей,
Fажайып кешемін күй.

Намаздан соң,
Сөзіне Алла ұйып,
Бойыма қуат жиып,
Кеткендей құшағыма әлем сыйып,
Ғажайып кешемін күй.

Намаздан соң,
Тәңірге құлдык ұрып,
Ертеңді ойша кұрып,
Ауыздықтап нәпсімді        
Жүрген бермей ырық.
Ғажайып кешемін күй.

Намаздан соң,
Алланың сөзіне анық,
Жүректің шөлі қанып,
Жаратқан иемді кәміл танып,
Ғажайып кешемін күй.
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сол Алланы жаннан тәтті сен де сүй».
 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру