- Мақалалар
- ИДЕАЛДЫ ІЗДЕУ ЖОЛЫНДА...
ИДЕАЛДЫ ІЗДЕУ ЖОЛЫНДА...

Өмір бойы үйленбеген бір адам, жасы тоқсанға келіп, фәниден бақиға аттанайын деп жатқанында, бір кісі одан:
-Өмір бойы отбасы құрмадыңыз, неге екенін айтпадыңыз. Енді мына бір аяғыңыз осында, екінші аяғыңыз сонда тұрған уақытта жауабын мүмкін айтарсыз,-деді. Қандай да бір құпияңыз болса – ашыңыз енді оны, мұнда ешкімнің мәңгілік болмайтыны белгілі. Тіпті жұрт сол құпияңызды біліп қойса да, сізге енді ешқандай зияны тие қоймас.
Ақсақал:
-Иә, бір құпиям бар. Негізі мен отбасы құрудан қашқан емеспін, бірақ идеалды әйел іздеген болатынмын. Сөйтіп өмір бойы ізденіп жүргенімде өмір шіркін өтіп кетіпті ғой.
-Кешіріңіз, жеті шарым миллиардтан аса халық тұратын, оның жартысы әйелдер, жер шарындай алып әлеуметте, ең болмаса бір идеалды әйел таппадыңыз ба сонда?
Өлім алдындағы қарияның көзінен жас парлап кетті. Ол кісі:
-Жоқ, обалы не керек, таптым ғой бір әйелді.
Сұрап тұрған кісі сасқалақтап қалды.
-Онда неге сол әйелге үйленбедіңіз?
Сонда ақсақал:
-Ол әйел де идеалды еркек іздеп жүр екен...
Махаббат жайлы хикаялар
аударған Жүрсін Кәрім
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Telegram