ИМАН ЕТПЕГЕНДЕРДІҢ АҚЫРЫ

15 ақпан 2024 1619 0
Оқу режимі

Aлла Tағала Худ сүресінің 110 және 111-ші аяттарында Пайғамбарын (с.а.у.) жұбата, Муса алейхиссәламның қауымы да оған қарсы шығып, шүбәмен қарағандарын мысал ретінде баяндайды. Былай тәпсірленген:

Ант етейін, Мусаға да Кітап бердік, оған да сенбеді. Яғни, уайымдама, уа, Мұхаммед! Жалғыз саған және саған берілген Құранға ғана қарсы болған жоқ. Перғауынды жеңген Мусаға да Кітап берілгенде үмметі бәни исраил оған қарсы шықты. Расында Мусаға Тәурат Перғауын мен қолдаушылары суға кеткеннен және бәни исраил құтылғаннан кейін берілген еді. Демек, бәни исраил Тәураттан бұрын жаңағыларды бастан өткерген және Мусаның билігін мойындағаннан кейін де, Тәурат түскенде бәрі бірден иманға келе салмаған. Оны Алланың бергеніне дауласқан, біреуі иман еткен, ал бірі етпеген. Ал саған әуелі Кітап берілді, ендеше жіберген Құранымыз жайында қауымыңның арасыннан “Бір көмбе (қазына) түссе ғой немесе бірге бір періште келсе ғой! Oны өзің ойдан шығарғансың” деп, қарсы шығып, алауыздық танытқандарға мән берме. Егер Раббыңнан ажал тағдыр болмағанда, дереу қауымыңнан қарсы болғандарды осы қазір-ақ үкімін шығарып, орындап, шаруасын бітірер едік.

Худ сүресінің 15 және 16-шы аяттарында иман етпегендер жайлы былай дейді -мағынасы- “Кімде-кім (істеген игі істері арқылы) осы дүние мен оның сән-салтанатын ғана қаласа, оларға дүниеде істегенің қарымын толық қайтарамыз. Бұл дүниеде олардың еншілері кемітілмейді. Алайда, ақиретте оларға тозақ отынан басқа еш нәрсе бұйырмайды. Олардың жалған дүниеде істеген бүкіл істері, тіпті, жақсыларына дейін дүниеде қалып, ақирет тұрғысынан зая кетті, істеген барлық істері түкке тұрғысыз болып қалды”. Олар осы аятта күйі мен ақыры баян болған және тек дүниелік өмір мен соның рақатын соңынан қуған көр соқырларға жатады. Олар дүниеден бұйырғанын алады және кейін ақыретте бүкіл амалдарының жалған екенін көріп, істегенінің жазасын тартады. Өйткені ол Раббысы олардың не істегендерін біледі. Ешбірін жазасыз қалдырмайды.

Пікірлер Кіру