ИСЛАМ ДІНІНДЕ СИҚЫРШЫЛАР МЕН МАГИЯЛЫҚ КҮШ ИЕЛЕРІНІҢ ӘРЕКЕТІ МАҚҰЛДАНБАЙДЫ

22 сәуір 2024 1464 0
Оқу режимі

Ислам дінінде сиқыршылар мен магиялық күш иелерінің әрекеті мақұлданбайды «Сиқыр жасаушы немесе сиқыр жасатушы, бал ашушы немесе бал аштырушы мұсылман емес». Бұл бағытта 1047-жылы «Минерология» деген еңбегін жазып шықты. Онда ғалым тылсым күштерге, магиялық күштерге сенудің орынсыздығын дәлелдеген. Сиқыршылық қараңғы адамдарға ерекше күш сияқты көрінетіндігі, ал ғылыми көзқараспен алып қарағанда оның ешбір ғажайып еместігін, қайта жалғандығын ашып, ғылыммен ортақ жері жоқ екендігін дәлелдеді. Сиқыршылықтың бір түрі алхимия екендігін, бірақ оның өз атымен аталмайтындығын атап өтеді. Бируни сондай-ақ Құран кәрімде айтылған су тасқынына байланысты көптеген зерттеулер жүргізген[1].

«Араб ғалымы» атанып кеткен, Бұқарада туып-өскен Ибн Сина да өз кезіндегі ілімдерге үлес қосқан. Әртүрлі деректерге қарағанда, Ибн Сина 450-дей шығарма жазған, соның бізге дейін жеткені 240-тайы ғана. Бұл еңбектерінің ішінде «Дәрігерлік ғылымның қағидалары» деген кітабы өз заманында-ақ оған әлемдік абырой әкелді. Өйткені бұл кітапты медицина ғылымының энциклопедиясы десе де болғандай. Осы қағидалар жинағы Азия мен Еуропа елдерінде 500 жылдай дәрігерлердің медициналық еңбегіне айналды.

Осы ұлы еңбектерді жазған Ибн Сина да Аллаһ тағаланың құдіретіне шек келтірмеген. Мысалы, кітаптарының басы «Аллаһ тағаланың атымен бастаймын! Бар мадақ әлемді билеуші Аллаһқа, Оның барлық пайғамбарларына жарасады» деп басталуының өзі көп нәрсені байқатады. Атеистік бағыттың бір қателігі – Исламның осындай ірі ғалымдарының ашқан жаңалықтарын мысалға ала отырып, олардың тек материалистік жағын ғана жақтап, дінге қатысты тұстарын жасырып, қайта дінге қарсы қоюға тырысты. Ал он сегіз мың ғаламды жаратқан құдіреті күшті Аллаһ тағала сол адамдарды айнала қоршаған ғаламның сырын ашуға, сөйтіп соларға ұстаздық етуді нәсіп етті.

ХІІІ ғасырда Ислам ғылымының көптеген салалары латынша аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тараған. Мысалы, әл-Фарабидің ғылыми еңбектері, музыкасы, философиясы, оптикасы, геометриясы, астрономиясы, медицинасы аударылып, кең таралған. Осыларды таратқан монах Роджер Бекон шіркеу түрмесінде 14 жыл отырған. Жалпы ғылыммен айналысқан адамдар Исламнан басқа діндерде көп қуғынға ұшырап немесе өлім жазасына кесілген. Мысалы, Италиядан шыққан физик Джордано Бруно жердің домалақтығын дәлелдеймін деп жазаға тартылып, 1600-жылы тірідей өртеледі.

Испаниялық ғалым Липель Сервет қан айналымын зерттегені үшін ХVII ғасырда отқа өртеледі. Иван Грозныйдың дәрігері адамның ішкі дене мүшелерінің құрылыстарын анықтау мақсатында өлікті сойғаны үшін өлтіріледі. Галилео Галилей жердің айналатынын дәлелдегені үшін ұзақ мерзімге түрмеде отырады.

Құранды зер сала оқыған адам одан бостандыққа, ғылыми ізденістерге кедергі келтіретін бірде-бір нәрсе таба алмас еді. Керісінше, көптеген аяттардан жерді өңдеу, Аллаһ тағала жаратқан нәрселердің барлығын да адам игілігі үшін зерттеуге мүмкіндіктер берілгендігін кездестіреді. Тарихта ешқашан да Ислам мемлекеттерінде ғалымдардың еркін ойлауына кедергі болу, зерттеу мен жаңа нәрселерді ойлап табуларына тыйым салатын жайттар болған емес. Керісінше, ондай адамдарға материалдық жағынан сый-сыяпаттар көрсетіліп, қоғамдық ортада мәртебелерін көтеріп отырды.

Ислам ғалымдарының орта ғасырларда әлемдік деңгейде алғы шепке шығуына қандай жағдайлар әсер етті? Біріншіден, бүкіл Ислам ғалымдары құдіреті күшті Аллаһтың бір екендігіне, Құран кәрімнің Аллаһтың сөзі екендігіне және Мұхаммед (с.а.с.) Оның елшісі екендігіне сенді. Екіншіден, Ислам халифаты ғалымдарға ғылыми жұмыстар жүргізуге үлкен мүмкіндіктер жасады. Сөйтіп пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) шариғатындағы 40 парыздың бірі – еркекке де, әйелге де ғылым үйрену іс жүзінде парыз екендігі көрінді. Үшіншіден, араб-парсы тілі бүкіл мұсылман ғалымдарының ортақ тіліне айналғандықтан бір-бірінің еңбектерін оқып, зерттеуге қыруар пайда келтірді. Төртіншіден, сол орта ғасырдағы әміршілердің сарайларының жанында бай кітапханалары болды. Мысалы, әл-Фараби, Ибн Сина тағы басқа да ғалымдар көп уақыттарын осындай кітапханаларда өткізіп, ғылыми көзқарастарын қалыптастырды. Бесіншіден, орта ғасырдағы Ислам ғұламалары ежелден келе жатқан ілімдер мен тұжырымдамаларды, ғылыми жаңалықтарды оқып, жалғастырып қана қоймай сондай мұралардың пайдалы жақтарын алып, әлемдік ғылымның дамуына ерекше үлес қосты. Алтыншыдан, Ислам ғалымдары ғылымдарды сала-салаға бөліп, жекелеген ғылымдарды кейінгі ғалымдардың зерттеулеріне жол салды. Мысалы, медицина, астрономия, философия, математика, химия, физика, тағы басқа ғылым салаларын жетілдірді[2].

Бақытжан ӨТКЕЛБАЕВ


[1] Шейх Абд аль-Маджид аз-Зиндани, Факти относительно морей и океанов, Перевод с английского

    Кулиева Руфата (Салмана) Москва 1999, 98 б.

[2] Қайрат Жолдыбайұлы, Имани гүл, Алматы 2012 ж. 128 б.

Пікірлер Кіру