КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕРГЕ БАРҒАНДА...
Кез келген мемлекеттік немесе жеке мекемеге барған кезде, не қонақ болып барғанда, ресми киім киюге кеңес беремін. Хош иіс сеуіп, аяқ киіміңізді жылтыратып алыңыз. Адамдар сіздің ішкі дүниеңізді емес, ең алдымен сырт келбетіңізді көреді.
+ Басқалармен сөйлескенде аузыңыздағы сағызды алып тастаңыз. Сағыз шайнап тұрып сөйлесу — әдепсіздік пен құрметсіздіктің белгісі.
+ Әңгімелесу барысында балағат сөздерден аулақ болыңыз. Ар-намысқа тиетін, біреуді жала жабатын, марқұмдарды жамандайтын немесе намысқа тиетін сөздер айту — үлкен әбестік.
+ Сөйлесіп тұрған кезде телефоныңызды шетке қойыңыз, оған алаңдамаңыз. Әңгіме үстінде телефон ұстау — қарсы тарапқа деген құрметтің жоқтығын білдіреді.
+ Әңгімелесу барысында шамадан тыс қалжыңдап, қатты күле бермеңіз. Жылы жымию жеткілікті.
+ Ашуға ашумен жауап бермеңіз. Егер біреу сіздің сөзіңізге немесе іс-әрекетіңізге ашуланса, жымиып, кешірім сұраңыз. Ең бастысы — аман-есен үйіңізге оралу. Адамдардың ішінде қандай ашу немесе жамандық барын білмейсіз.
+ Тәтті тіл — қиындықтардың жарты шешімі. Мемлекеттік мекемеге барған кезде немесе жұмыс бабымен сөйлескенде сөзіңізге мұқият болыңыз. Жақсы сөз — ісіңізді жеңілдетіп, шаруаларыңызды бітіретін маңызды құрал.
+ Мемлекеттік мекемелерде жанжал мен төбелестен аулақ болыңыз. Қызметкерлерге күш көрсетіп, өктемдік танытпаңыз. Көшеде, мекемеде, базарда — қай жерде болсаңыз да, әкеңіздің алдында қандай әдепті болсаңыз, сондай болыңыз.