МӘҢГІЛІК БАҚЫТҚА ІЛІМ, АМАЛ ЖӘНЕ ЫҚЫЛАСПЕН ЖЕТЕДІ
Имам Раббани куддисә сиррух айтады:
“Адамның мәңгілік бақытқа қол жеткізуіне үш нәрсе қажет:
Ілім, aмал және ықылас.
Ілім екі түрлі:
Біріншісі, aмал жасау үшін үйренген ілім, бұл фыкыһ ілімі.
Ал екіншісі, итикад (сенімге) қатысты жағы. Бұған байланысты мәселелер фырка нәжийә (азаптан құтылған қауым) болған әһли сүннет уә жамағат мәзхабының ұстанымы, бұл ілім кәламда (ақаид кітаптарында) жан-жақты баяндалған.
Әһли сүннет уә жамағаттың үлкендеріне бағынбай азаптан құтылу мүмкіндігі жоқ. Егер оларға қылдай қарсылық болса, зор қатердің төнгені. Әрі қандай қатер десеңші!..
Бұл сөз сахих ...
Бұл сөздердің жаңсақ болуы да мүмкін емес.
Әһли сүннет уә жамағатқа бағынып, солардың жолымен жүруге қол жеткізгендерге сүйінші!
Ал мынадай адамдардың халі мүшкіл:
Әһли сүннет уә жамағат үлкендеріне қарсы шыққан, oлардан сырт айналған, олардың жөн-жоралғысын тәрік етіп, олардың қатарынан шығып, адасқандар мен адастырушылар;
Руйәт (мүміндердің Жәннатта Илаһи дидарды көріп құрметке бөленетіні) мен шапағатты жоққа шығарушылар;
Пайғамбарымыздың (с.a.у.) сұқбатының ізгілігін және сахабалардың артықшылығын түсінбейтіндер;
Расулуллаһтың әһли бәйтіне және Фатиманың балаларына сүйіспеншіліктен мақрұм қалып, әһли сүннетке бұйыратын көп қайырдан айрылғандар.
Міне, олардың ақыры өкінішті. (Mәктубат Имам Раббани, Фазилет баспасы, т. 1, х. 59)