- Мақалалар
- МЕЙІРІМ ЖОҚ ЖЕРДЕ АДАМ ДА ЖОҚ
МЕЙІРІМ ЖОҚ ЖЕРДЕ АДАМ ДА ЖОҚ

Кеше бір фильм көріп, біртүрлі күйге түстім. Фильм бастан аяқ қанға, қатігіздікке толы. Басында ауырсынып көріп отыр едім, аяғына таман қатігездікке етім үйрене бастаған сияқты. Иә, бүгінгі таңда фильдердің көбі атыс-шабыс, өлім, жауыздық пен қиянат сахналарына толы. Қоғамда орын алып жатқан қатігездік пен қылмыстың көбіне осындай фильмдердің әсері аз емес ау.
Османлы дәуірінде мынандай бір керемет тәжірибе бар болатын.
Мал соятын қасапшыларды мемлекет алты ай сайын міндетті түрде демалысқа шығарып, бақша егумен айналысуға жібереді екен. Неліктен?
Қатігездікке бойлары үйреніп, жүректегі мейірім сөнбесін, адамдық қасиет өшпесін деп. Бақша баптап, гүл өсіру арқылы табиғатпен байланысып, жүректері жұмсарсын деп.
Ал біз ше?
Қан, азап, өлім, жауыздық жайлы контентті күнде көріп, етіміз үйренгені соншалық елең етпейтін болдық. Жүректегі жанашырлық сезімі де семіп барады. Бұл – үнсіз у.
Сондықтан жүрегіміздегі мейірімді өшіріп алмауға қамдануымыз керек. Жетімнің басын сипап, қамқор болу, мұқтаждарға көмектесу де жүрекке мейірім ұялататын игі істер. Алланың “Рахман, Рахим, Халим, Латиф, Раууф” секілді есімдерін жиі зікір еткен да абзал.
Мейірім жоқ жерде адам да жоқ.
Қайрат ЖОЛДЫБАЙ
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Telegram