НАМАЗ ОҚЫП ТҰРҒАН АДАМНЫҢ АЛДЫНАН ӨТПЕУ МӘСЕЛЕСІ

01 тамыз 2024 1205 0
Оқу режимі

Ансарлық Абдуллаһ ибн Харис ибн әс-Симма (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

 «Намаз оқып тұрған адамның алдынан кесіп өткен кісі қандай күнәға қалғанын білсе, қырық (күн, ай немесе жыл) күтуіне тура келсе де намаз оқып тұрған адамның алдынан кесіп өтпес еді», – деп айтты», – деген.

Осы хадисті жеткізгендердің бірі Әбу ән-Нәдр (р.а.):

 «Аталмыш хадисте Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қырық күн дегісі келді ме, қырық ай дегісі келді ме, жоқ әлде қырық жыл деп айтқысы келді ме, ол жағын нақты білмедім», – деген

(Бұхари, саләт 101; Муслим, саләт 261).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды
 

Пікірлер Кіру