Ол жайында білсең де, оны жасау өте қиын...

03 маусым 2020 7027 0
Оқу режимі

Ертеде Хусейн деген жас жігіт, ерте үйленіп, көп ұзамай басқа елге ілім ізденіп жол жүріп кетеді. Содан 20 жыл ел аралап білім алады. Содан еліне қайтпақ болып, жолға шығады. Ел аралап қайтар жолда, үлкен ақсақал кісіге жолығып, үйінен дәм ауыз тиеді. Сонда ақсақал жөн сұрасып отырып, мән-жайға қанық болған соң Хусейннен ілімнің басы неде? – деген сұрақ қояды. Оған Хусейн:

- Бисмилләһта – деді.
- Жоқ, - деді қария.
- Фатиха сүресінде – деді.
- Жоқ, - деді қария.
- Насара–янсуруда – деді.
- Жоқ, - деді қария.

Сосын мен саған білімнің басы неде екенін маған осы жерде қалып, қызмет көрсетсең айтамын – деді. Хусейн келіседі. Содан арада 6 ай өткенде, әлгі қария Хусейнді шақырып алып, «Ілімнің басы - сабырда» - деп жауап береді. Сонда Хусейн мен білмейтін нәрсе болса, үйренермін деп күткен едім – деп ашуланады. Сонда қария:

- Сен сабыр турасында көп нәрсе біліп, уағыз айтуың мүмкін. Бірақ, сен сабыр етуді білмейсің. Мен саған сол сабырды үйреттім, - деген екен.

Әлгі оқымысты Хусейн үйіне қайтады. Ауылына ақшам намазы уақытында жетеді. Әлгінде өзінің ауласына жақындағанда дәрет алып, кіріп – шығып жүрген жас жігітті көреді. Ойына жаман нәрсе ойлап, қарияның айтқаны есіне сап ете қалады. Қой, ертең азанда анық-қанығын білермін деп, сабырға келеді. Таң намазы уақытында мешітке барса, әлгі жігіт имамдық қызметін атқаруда екен. Содан сол жердегі адамдардан бұл жігіттің кім екенін сұрағанда, өзінің 20 жасар ұлы болып шығады. Сонда Хусейн Аллаға шүкіршілік етіп, өзін күнәдан нәпсісін тыйғанына қатты қуанады.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру