ОРАЗА ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

29 наурыз 2024 1821 0
Оқу режимі

Көрінбейтін сауап

Рамазан айындағы оразаның пайдасы өте зор. Ораза – тек рухани ем емес, ас қорытуды жақсартатын, денені түрлі зиянды заттардан тазартатын бүкіл ағзаның емі.

1940 жылғы Нобель сый-лығының иегері, белгілі ғалым Алекс Каррел өз зерттеулері-нің қорытындысында оразаның денсаулыққа пайдасын атап көрсеткен. «Ашыққанда ағза токсиндерден тазарады, адам жасарады», – деп жазған. Ораза кезінде ағза ішкі, тері асты май, іш май, азық қоры есебінен жұмыс жасауға мәж-бүр болады. Жарақаттанған, өзгеріске ұшыраған, қатерлі ісікке айналған жасушаларды, бездердің ішіндегі жиналған бактериялар мен құрттарды жеуге кіріседі. Тазарумен қатар жаңадан, жас, дені сау жасушалар өндіреді, осылайша ағзадағы ісіктер мен бездер жоқ болады, сіресіп қалған тамырлар мен буындар жібиді. Ашығуды әдет қылған, 96 жасында су шаңғысымен жүзіп келе жатып, тасқа соқтығы-сып опат болған америкалық ғалым Поль Бреггтің ішкі ағза мүшелері 17 жастағы жігіттің денесіндей таза, жас болған.

Ораза барлық дертке шипа, темекі шегетіндерге де бұл әдеттен арылуға көмектеседі. Әйгілі диетолог дәрігерлер де «Ораза – ең әсерлі диета» деп мойындайды.
Біз оразаның әлеуметтік, рухани, медициналық пай-даларын білеміз. Дей тұрған-мен, оразаны тек бір мақсатпен, яғни Жаратушы Иемнің әмірі деп, Алла разылығы үшін ұста-ған абзал. Дәрігер науқастың жағдайын қалай жақсы біледі, Жаратушы да пендесінің жағ-дайын білгендіктен оразаны әмір еткен.

Ораза адамды көп қауіп-қатерден, бәле-жәледен, ал-бырттықтан сақтайды. Ақыл-ды адам ораза ұстау үшін еш аянбауы керек. Себебі, оразаның көзге көрінбейтін сауабы мол. Оразаға екіжүз-ділік араласпайды, яғни адам баласы өмірінің қуаты – тамақ-тан кім үшін, не үшін бас тартқанын өзге жұрт білмесе де, Жаратушы біледі, сауабын да береді.

Ағза мен азық

Енді ораза кезінде ағзада болатын құпия сырлардан хабардар болайық. Оразаның жағымды әсерінен ағзада мақұрым қалатын бірде-бір мүше болмайды. Бүгінгі таңда әлемдік ме-дицина ғылымдары оразаның денсаулыққа зор пайдасын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Көптеген дамыған елдерде ашықтыру арқылы қатерлі ісікті, қант диабетін, басқа да дерттерді емдейтін клиникалар ашылған. Біздің елде осындай аурухана Шымкент қаласында жүйелі түрде жұмыс жасап, ашығудың дертке дауасын паш етуде.
Ораза жүйке жүйесіне, жүрекке, қан айналымына, ас қорытуға, бауырға, бүй-рекке, өкпеге, т.б. шипа. Мәселен, тамақ ауыз қуысынан асқазанға барған соң, жүйке жүйесі бүкіл ағзадағы органдарды іске қосады. Шайналған тамақ ауыз қуысындағы сілекеймен – бірінші кезеңнен асқазанға барған соң, қышқылының әсері мен қорытудың кезекті екінші кезеңінен өтеді. Аш ішекте ас қорытудың үшінші кезеңінде тамақтың құрамындағы пай-далы заттар қанға ауысады, сол кезде ағзадағы барлық органдар екпінді жұмысқа кіріседі. Адам тамақты қома-ғайланып көп ішсе, жүрекке түсетін салмақ әдеттегіден үш-төрт есе артады. Біраздан соң ағза шаршайды да, орталық жүйке жүйесіне баратын қан мөлшері күрт төмендейді, сол себептен ораза ұстамаған адамның жүйкесі тозып, дертке шалдығады. Ал ораза кезінде жүйке жүйесі демалады да, көп аурудан аман қалады.

Ішкен асты қорыту үшін ішек-қарын 8 сағат жұмыс  жасайды, демек, ораза ұстамаған адамның  ас қорыту органдары ол бұл дүниеге келген сәттен бастап тоқтамай жұмыс жасап келеді. Ораза ұстаған кезде ішек-қарын ең кем дегенде 4-5 сағат демалады. Осылайша шлактан тазаруға, дерттен айығуға мүмкіндік алады. Оразаның кезінде бауыр өте жақсы демалады. Біздің медицинамыз білетін бауырдың 500-ден астам атқаратын  қызметі бар. Қанды қоюландырмай, сұйық күйде ұстап тұру да – бауырдың міндеті. Инсульт, инфаркт, сал аурулары түп негізінде бауырдың нашарлығынан болады. Барлық химиялық процестер, соның ішінде майды ыдырату бауырда атқары-лады. Басқа органдармен салыстырғанда бауыр сирек ауырады, дей тұрғанмен, салмақ көп түссе әлсірейді. Әлсірегені алғашқыда жанға батпайды. Көп ауруға жол ашатын жағдай, яғни ағзаның қорғаныс қабілетінің, иммунитеттің төмендеуі бауырдың әлсіреуінен болады. Оразада бауыр күніге 4-5 сағат дема-лып, күш-қуат жинайды, ағзаның қорғаныс қабілеті артады, ас толық қорытылады. Токсиндер тез арада ыдырап сыртқа шығады. Бүйректің жұмысы – ағзаға келген заттарды фильтрден өткізу, яғни сүзу. Оразаның кезінде 4-5 сағат үзіліс алған соң жұмысын жақсартады.
Жүрекке зиянды үш кесел бар.

Біріншісі – атеросклероз, қан тамырларының ауруы, қалың-дап кетуі немесе бітеліп қалуы.

Екіншісі – жүйке жүйесінің ауруы, дүние машақаттары, уайымдар.

Үшіншісі – асқазанның үздік-сіз жұмыс жасауы.

Ораза ұстаған адамда осы кеселдің үшеуі де болмайды. Бұл Жаратушының ораза үшін адамға беретін денсаулық деген жедел сыйы. Ашыққан кезде қанның құрамындағы холестерин азаяды. Қан тамырларына жабысқан хо-лестерин еріп, ағзадан шығады, қан қысымы реттеледі, түстен кейін ағза мамыражай күй кешеді. Дәстүрлі медицинаның әлі келмейтін атеросклерозды оразамен жазуға болады. Дәрігерлік зерттеу қорытын-дысы бойынша ораза ұстап, дәрет алған қарттарда астеро-склероз мүлдем болмаған.

Ойлау мен есте сақтау үшін де ораза пайдалы. Бастағы мидың жасушалары өте нәзік бола тұра атқаратын жұмыстары күрделі. Олар жүйке жүйе-сінің жасушаларымен тығыз бай-ланыста, мидың өзі де тығыз бөлшектерден тұрады. Қорегі қаптаған қылдай қан тамыр-лары арқылы келеді. Асқазанға тамақ түскен кезде ас қорытуға көп күш керек болады да, айналымдағы қан миға жетпей асқазанға ауысады. Тамақты жеген сайын жалқаулық пайда болып, ұйқы басады. Оразада мидың жұмысы жақсарады. Себебі, онымен таласатын ішек-қарын жұмыссыз «ұйықтап» жатады. Ораза ұстап, намаз оқыған адамдар қартайғанда ұмытшақ болмайтынын еуропалық ға-лымдар дәлелдеген.

Кейбір адамдарды аштықтан өлді деп жұрт қателеседі. Ағзаның әрбір жасушасында жиналған қор, яғни азық бар. Ораза ұстап әдеттенген, әбден сенген адам шындап тәуекелге бел буса, тамақсыз қырық, тоқсан күн өмір сүреді деп дәлелдеп, іс жүзінде көрсеткен. Шындығында бұл пайғамбарлар мен әу-лиелерден қалған ғылыми мұра. Оразаның құдіретіне сенбейтіндер темекіге тәуелді адамдар сияқты тамақ ішуді әдет қылғаны үшін ауырады. Яғни, ораза ұстаған адам ауырса немесе өлсе аштықтан емес, көп тамақ ішуді, әдетін тәрк еткендіктен пайда болатын аурулардан өледі.
Көп тамақ ішу енжарлыққа апарып соқтырады. Ораза ұстаған студенттер емтихан тапсырғанда ойлау қабілеттері артып, басқа кезде шамасы жетпеген күрделі есептердің шешімін оңай тапқан.

Ұстаздың тәпсірі

Ислам ғалымдарының Платоны әрі дәрігерлердің ұстазы дана Абу Али Ибн Сина медицина тұрғысынан ғана қарап Құран Кәрімнің «Ағраф» сүресінің 31-ші, яғни «Жеңдер, ішіңдер де, ысырап етпеңдер» деген аятын былай тәпсірлеген: «Медицина ілімін екі сөзге түйдім. Тамақ жегенде, аз же! Жегеннен кейін төрт-бес сағат өтпей тамақтанба! Шипа оның қорытылуында, яғни қорыта алатын мөлшерде же. Жанға және асқазанға ең ауыр әрі қатты шаршататын нәрсе – тамақ үстіне тамақ жеу». Демек, төрт-бес сағат үзіліс бермей, үсті-үстіне ішу немесе ләззат алу үшін әртүрлі тамақтарды  жей беру ағзаға өте зиянды.

Тегіннен-тегін жұмақ жоқ, ол үшін еңбек ету керек. Тозақ та бекер  жаратылмаған, оған да біреу түсуі керек. Екі дүние бақытына ие болу үшін рухани даму шарт. Дамудың заңдылығы – қарсы күш, кедергі болу да шарт. Сол кедергіні Жаратушы әдейі адамның ішіне орналастырып, Құранда оны – нәпсі деп атап көрсеткен. Нәпсі – жалқау, ақылсыз, ләззат құмар, тентек, дүниеге ғашық. Мәңгілік оған керек емес. Оның фытраты сол данышпан Абай айтқандай, рух – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – қасқыр, әр пенденің ең қас дұшпаны ішінде. Нәпсі ораза-ға қарсы. Біздің міндетіміз – оны тәрбиелеу, тәртіпке бағындыру.

Жаратушы Иеміз әр пендесіне бір жылда он екі ай өмір берген де, бір айын ораза ұстап кейін қайтару жөнінде шарт қойған. Дұшпан нәпсіге ерер болсақ, ауыр жазаға лайық боламыз. Ендеше екі дүние бақытына қол жеткізу үшін ораза ұстап, салауатты өмірді ұстанайық!

 

Фазыл ӘБДІЖӘЛЕЛҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру