Пайғамбар айтқан пайдалы жемістер

03 желтоқсан 2019 10120 0
Оқу режимі

Пайғамбар (с.ғ.с.) қарбызды піскен құрмамен қосып жегенді ұнатып: «Құрманың ыстығы қарбыздың суығын басады», - деп айтқан.

Қарбыз туралы бірнеше хадисте бар, алайда, олардың бірде-біреуі жоғарыда келтірілген хадистей сахих емес.

Жасыл қарбыз суық, ылғалды және тәтті. Ол асқазан мен ішек үшін жақсы тазалаушы құрал  болып табылады. Қарбыз асқазаннан қиярға қарағанда жылдам шығады да, асқазандағы бар кез-келген затпен араласып кетеді. Қарбызды жылы күйінде жеген пайдалырақ, ал суық қарбызға аздап зімбір (имбирь) қосып жеген дұрыс. Қарбызды тамақ ішкенге дейін жеген абзал. Керісінше болған жағдайда жүректі айнытуы мүмкін.  

Анар – румман

Алла: «Ол екі бақшада түрлі жемістер және құрма, анар бар»  (Рахман сүресі, 68-аят), - деп айтқан.

Әлидің: «Анарды жұмсағымен жеңдер, себебі, олар асқазанның бүрін қорғайды», - деп айтқанын жеткізеді.

Тәтті анардың ыстықтық және ылғалдық қасиеті бар, асқазанға пайдалы, оны нығайтады, себебі, жұмсақ нығайтушы құрал болып табылады. Ол тамаққа, кеудеге және өкпеге пайдалы, сол сияқты, жөтелді де жеңілдетеді. Анар шырыны асқазанды жұмсартады әрі ағза үшін жақсы құнарлы азық болып есептеледі. Анар тез сіңіп кетеді және асқазанда аз ғана ауасы бар ыстық жасайды. Ол  ұрық жасауға көмектеседі, алайда, қызу көтерілген кезде анарды жемеу керек. Егер анарды нанмен жейтін болса, онда ол асқазанда оның қасиетін бұзбай сақтайды.  

Ащы анар суық және құрғақ қасиетке ие және жұмсақ нығайтушы құрал болып табылады. Ол  қатты қызған асқазанға пайдалы және анардың басқа түрлеріне қарағанды зәр жасауға әсер етеді. Ащы анар өттің белгілерін жұмсартады, іш өткенге көмектеседі, лоқсығанды басады,бауырдың ыстығын басады, өт құйылғанға, жүрек ауруларына және қанға пайдалы.

Қою әрі жабысатындай дәрежеге дейін балмен араластырылып қайнатылған анар шырыны көзге тамшы ретінде пайдаланылады, көздің ағындағы сарғыш түс пен былшықты кетіреді. Дәл осы май тістің қызыл иегінде пайда болатын бөртпеге де көмектеседі. Балға араластырылған анардың дәні ісік ауруларына көмектеседі. Анардың гүлін жараларды емдеуге пайдаланады. Анардың үш гүлін жесе, бір жыл бойы конъюнктивиттен сақтайды деген сөз бар.

Жүзім – ғынаб 

Алланың Елшісінің (с.ғ.с.) жүзім мен қарбызды өте жақсы көргендігі хабарланады. Алланың  Қасиетті Құранда дінге нанушыларды Жұмақта күтіп тұрған игіліктер туралы айтатын мәтіндерінің ішінде жүзім алты жерде кездеседі. Жүзім – ең жақсы әрі пайдалы жемістердің бірі, оны балғын күйінде де, кептіріп те, көктей де, піскенін де жейді. Ылғалдық пен ыстықтық  - бұл жүзімнің басты қасиеті.

Жүзімнің ең жақсысы – ол ірі әрі шырынды жүзім. Ақ жүзім, тәттіліктері бірдей болғанымен,  қара жүзімнен жақсы. Жеміс піскеннен кейін екі-үш күн күткен дұрыс, әйтпесе, олар ішті өткізуі мүмкін және желдің пайда болуына алып келеді. Әдетте жүзімді қабығы жұқарғанша сабағында қалдырады. Жүзім мейіз бен инжир сияқты құнарлы. Егер жүзімнің дәннін алып тастаса, ол іш жүргізуге тиімді әсер етеді. Жүзімді мөлшерінен көп жесе бас ауыруы мүмкін, олай болмас үшін онымен бірге анарды да қосып жеген дұрыс. Жүзім жемістердің ішіндегі ең жақсы үштікке кіреді: жүзім, құрма, инжир.

Баклажан – базинджан

Баклажанның екі түрі бар: ақ және қара. Ғалымдар баклажан ыстықтық қасиетке ие деп есептейді. Қара баклажан қара өт, геморрой, тығындау, обыр мен алапес ауруларын тудырады. Сонымен қатар, беттің түсін бұзады, ауыздан жағымсыз иіс шығарады. Ал, ақ баклажанның мұндай қосалқы әсерлері жоқ.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру