ПАЙҒАМБАРЛАРДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ 40 ӘДІСІ

01 сәуір 2023 5341 0
Оқу режимі

1. Пайғамбарлар айтқандарына алдымен өздері амал етіп, ісімен үлгі көрсететін.

2. Балаларды өмірдің, дүниенің һәм жаннаттың сәні деп санайтын.
3. Балалардың жасай алмайтынына емес, жасай алатынына мән беретін.

4. Баланы толыспаған тұлға санамайтын, қайта кемел болмысын бұзып алмауға барын салатын.
5. Өздеріне ұнамайтын сөз айтса, соған бола ашуланып, өкпелей бермейтін; қашан да жылы сөйлеп, жымия қарайтын.
6. Діни міндеттерді кезең-кезеңімен, біртіндеп, жүйелі түрде үйрететін.
7. Үйрету барысында орта жолды ұстанып, адамдарды жалықтырып алмаудың амалын жасайтын.

8. Үйренушілер арасындағы тұлғалық айырмашылықтарға ерекше мән беріп, әркімнің болмысына құрметпен қарайтын.

9. Ешкімді өзгертуге тырыспайтын, қайта Алланың жаратқаны ғой деп бар болмысымен қабылдап, шама-шарқынша қадірлейтін.
10.Өзара әңгімелесу әдісін, сұрақ-жауап әдісін  колданатын.
11. Tepic түсініктерді жойып, шындық білімді санаға сіңіру үшін ақылға қонымды өлшемдерді қолданатын.
12. Тыңдармандарына сұрақ қоятын, осы арқылы олардын білім-білігін, таным деңгейін анықтайтын.

13. Салыстыру, мысал келтіру әдісін қолданатын еді. 14.Ұқсастыру (аналогия) әдісін, халық арасында кең тараған мысалдарды пайдаланатын.

15.Қолында қандай да бір зат болса, түсіндіріп жатқан тақырыбын жерге сызып көрсететін.

16.Қарым-қатынас жасағанда сүйіспеншілікпен қарап, құрмет көрсетіп, қызығушылық танытатын.

17.Балаларын жақсы көретін әрі онысын өздеріне айтып отыратын.
18.Балаларына қатысты сынақтарда сабыр ететін, әр нәрсенің Алладан келетінін шын сенетін.

19.Балаларының сұрақтарына толыққанды жауап беретін.
20.Балаларына көркем есімдер қоятын және олардың бойларындағы көркемдіктерді күшейте түсетін.

21.Бірнәрсе үйрететін болса, оны әзілмен әдіптеп, мейлінше жеңіл әрі қызықты етіп үйрететін.

22.Балаларымен көп ойнайтын әрі ойынға балалар әлеміне кіретін кілт есебінде қарайтын.

23. Балаларының пікірлеріне, сезімдеріне құрметпен қарайтын.
24.Жар таңдағанда, болашақ балаларымнын анасы деп, текті жерден үйленетін.

25.Отырысын немесе тұрысын өзгертіп, я болмаса бір сөзді бірнеше рет қайталау арқылы тақырыптың маңыздылығын көрсететін.

26.Балаларға ашуланбайтын, ұрмайтын, айғайламайтын, жалпы жазаламайтын.
27. Тәрбие берушінің Алла екенін біліп, бала мен Алла арасында делдал болмайтын.

28.Балаларын адал ризықпен ішкізіп жегізетін, ысыраптын қай түрінен де аулақ болатын.

29.Балалардың жылауын, ренжуін каламайтын. Жүрген жерлерінде балалардың көңіл-күйлерін көтеруге тырысатын.

30.Ересектер әлемінін шындығын балаларға өздерінің тілімен түсіндіріп беретін.

31.Балалары бұзықтық жасап қойса тұлғасына таңбайтын, қайта жамандық атаулының бәрі нәпсіден екенін айтып арсыздықтан сақтауға тырысатын.

32.Сынау, кінәлау сынды жағымсыз әдістердің орнына, баулу, қызықтыру сияқты әдістерді қолданатын.

33.Балаларының иесі секілді емес, Алла берген аманаттың иесі секілді ата-ана болатын.

34.Бір мәселенің түйінін шешерде әңгімелесушісі ұялатындай жағдай болатын болса, алдын ала жақсылап дайындалып алатын.
35. Діни тәрбиенің тілмен емес, іспен жүзеге асатынын білдіретін.
36.Балалары үшін көп дұға жасайтын, ата-ана болудың маңызды бөлігінің дұға екенін көрсететін.

37.Бірде-бір адамға қарғыс айтпағаны секілді, өз балаларына да қарғыс айтпайтын.

38.Дұғаларының құбыласын дүниеге емес, ақыретке қарай бағыттайтын.
39.Мінсіз болуға тырыспайтын, «жеткілікті деңгейде жақсы» болуға ұмтылатын.

40. Барлық пайғамбарлар балаларына соңғы сәттеріне дейін тәрбие берген және оларға насихат айтқан. Әрекетті өздері жасап, берекенің Алладан болатынын білген, яғни шама-шарқынша еңбектеніп, нәтижесін Алладан күткен.

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру