ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ

04 сәуір 2024 1924 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ يَقُمْ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ. (ق)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім абзалдығына сеніп, сауабын тек Алладан үміттеніп қадір түнін құлшылықпен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі». (Муттәфәқун алайһ)

Сахабалар Aлла Tағаланың Қадір түні жайлы; «Мың айдан қайырлы» - деген мағынадағы Қадір сүресінің 3-аятына қуанғандай ештеңеге қуанбаған.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына Исрайыл ұрпақтарынан төрт адам жайын баян етеді. Олар қас қағымдай сәтке де Аллаға қарсы шықпай, сексен жыл құлшылық жасайды. Сахабалар бұған таң қалысады.

Жәбірейіл (a.с.) келіп: «Уа, Mұхаммед! Сен және сахабаларың қас қағымдай сәтке де Аллаға қарсы шықпай, сексен жыл ғибадат жасағандарға таңырқастыңдар. Aлла Tағала саған бұдан ізгісін түсірді» деді және «Иннәә әнзәлнааһу фии ләйләтил-қадр... (Біз оны Қадір түнінде түсірдік)» (деген мағынадағы) аятпен басталатын Қадір сүресін соңына дейін оқыды. Пайғамбарымыз (с.a.у) бен сахабалар бұған қатты қуанады.

 

Пікірлер Кіру