ҚАЗАҚТЫҢ БІР ТАҒАМЫ-«АТАЛА» ДЕП АТАЛАДЫ

27 қараша 2024 47 0
Оқу режимі

Сөз төркіні

“Атала" - "Су талқан" — қазақ халқының ежелгі дәстүрлі тағамдарының бірі. Бұл тағамның атауының этимологиялық мәнін түсіну үшін, оның атауының құрамдас бөліктерін қарастыру қажет.

Атала сөзі - екі бөліктен тұрады: "ата" және "ла". "Ата" сөзі мұнда негізгі мағынаны білдіреді. Ал "ла" қосымшасы кішігірім дәннің түрін көрсетеді. "Атала" сөзін бағы бабалармыз "талқан" не "ұн көже” деген ұғымда қолданған.

"Су талқан" — "су" сөзі суды білдіреді, ал "талқан" сөзі ұнтақталған астық өнімдерін білдіреді. "Су талқан" сөзі - су қосып жасалған талқанды (ұнтақты) білдіреді. Екі сөз де су қосылып дайындалып, ұнтақталған астық тағамын сүйық көжені білдіреді. Атала — ежелден бері қазақ халқының дастарханында бар тағам. Ол қарапайым әрі құнарлы тағам болып саналады және үйге құрметті қонақ келгенде дастарханға қояды.

Жасалу жолы

Атала — үйде асуға ет қалмағанда, азырақ қойдың майын қазанға салып шыжғырып, не қайнаған суға ұн, диірменге тартылған талқанды қосып ыдысқа салады. Оның үстіне жылы суды аз мөлшерде құйып, жақсылап араластырады. Сосын оған тұз, қант қосып, қою күйге келтіріп алып, ошаққа қойып, баяу отқа пісіреді. Оны тісі жоқ қарт кісілер мен тамағынан ас өтпейтін ауыр науқастарға (қылтамақ) жүрек жалғау үшін атала қайнатып ем ретінде беретін болған. Атала қазақ тағамдарының қарапайым түрі болғанымен, оның емдік қасиеті мен нәрлік құндылығы аса жоғары саналады.

Емдік қасиеті

Атала- біріншіден, құрамында ұн талқан болғандықтан, ол ағзаға қажетті көмір сулар мен энергияны қамтамасыз етеді. Екіншіден, аталаға су қосып қайнатқанда, ол жеңіл сіңірілетін тағамға айналады, бұл әсіресе ас қорыту жүйесі әлсіз немесе тісі жоқ адамдар үшін өте пайдалы. Үшіншіден, атала суық күйінде беріледі, бұл қызып ауырған адамның дене қызуын төмендетіп, сусын ретінде де пайдалы. Сонымен қатар, аталаға қосылатын май немесе талқан құрамындағы дәрумендер мен минералдар иммунитетті күшейтіп, жалпы денсаулықты жақсартады.

Атала қартаюдың алдын алады. Дене салмақтың аурлап кетуінен сақтайды. Оның құрамындағы пайдалы заттар мен дәрумендер тері мен ағза клеткаларының жаңаруын қолдап, тез қартаюды баяулатады. Сонымен қатар, атала жеңіл қорытылатын тағам болғандықтан, артық калория жинауға жол бермейді. Атала - дұрыс тамақтанудың таптырмас асы деуге болады.

Аталаның адам ішуге арналған түрі

Адам ішуге арналған аталаға таза ұн, су, қант, бал, тұз, май, талқан қосып дәмді етіп жасайды. Мұндай аталаны-сәби балға, қарт адамға, ауырған кісілерге, тісі жоқ әлсіз адамдарға береді. Алыс сапар алған жолушы, жүргіншілер құрғақтай дайындап, қоржынға салып алып жүреді. Жолда оңтайлы жерде өзі тез пісіріп ауқаттанып атанып отырады. Құнарлығы жоғары болғандықтан оңай қарын ашырмайды.

Аталаның малға беруге арналған түрі

Құрамы: бидай, жүгері, тары, бұршақ, қалдық нан құқымы, тұз, кебектер қосып жасалады. Оны көктемде көтерем болып қалған малға берсе, екі жұмада оны жеген мал тез сергіп, тез қоңданып, жүні жылтырап шыға келеді.

Мазмұны

1. Атала – қазақ халқының ежелгі дәстүрлі тағамы. Оны көбінесе қонақтарды сыйлауда және жолсапарда жиі қолданылған. Бұл тағам қарапайым, бірақ өте нәрлі болып табылады. Атала дәстүрі арқылы қонақтарға құрмет көрсетіліп, қазақтың қонақжайлылығы танытылады.

2. Аталамен қонақ қылу дәстүрінің өзіндік ырымдары бар. Мысалы, атала көбінесе жаңадан көшіп келген отбасыларды немесе алыс жолдан келген қонақтарды қарсы алуда пайдаланылады. Бұл ырым қонақтың жолы болып, қоныс тепкен жерінде бақ-береке болсын деген ниетпен жасалады.

Түйін

Атала- ерекше құнарлы тағам. Оны біреулер “ауыруға арналған ас” дейді. Бұл дұрыс емес. Атала қазақ халқының дәстүрлі жеңіл тағамының брентті деуге болады.

Атала туралы мақал-мәтелдер

. Атала ішкеннің аты озады,

Аты озғанның көңілі озады

. Атала ішсең, айып емес,

Атала ішкен кедей емес.

. Атала ішкен арымас,

Атала ішпеген жарымас.

. Атала іштім деме,

Атаңнан қалған ас іштім де.

. Атала ішкен азбайды,

Аталадан тағам озбайды.

. Атала тойғызар,

Ақыл тоқтатар.

. Аталаға тойған асқа таласпайды,

Тоқ адам жағаға жармаспайды.

Бұл мақал-мәтелдер атала тағамының мәні мен маңызын аша түседі және қазақ мәдениетінде тағамның рөліне деген көзқарасты көрсетеді.

 

Болат БОПАЙҰЛЫ

 

 

Пікірлер Кіру