ҚАЗАҚТЫҢ ЕСКІ СӨЗІНІҢ БІРІ

31 қазан 2024 424 0
Оқу режимі

 Жігіттің бір басына он қатер бар,
            Тоғызы қатыны мен жақынынан!

Осы сөзді Мәшһүрден оқыдым ба екен, не қариялар әңгіме арасында айтты ма екен, әйтеуір, есте қалыпты, есте қалатындай-ақ сөз екен, тек мағынасын жас келе басқа тигенде түсінесің!

 Не бәле шықса жақыныңнан шығады, не ұрлық шықса көршіңнен шығады, не қорлық болса әйеліңнен көресің, не азап болса балаңнан шегесің!

 

«Кімде кім екі тумай іске жарамайды» деген сөз бар дейді Мәшһүр.

Бір туғаны деп анасының құрсағынан шығып, қалқиып кісі болғанын айтады.

Екінші туғаны –хайуандық дәрежесінде қалдыратын мінездерінен арылып, періште сипатты болуға тырысып, не үшін жаратылғанын түгел танып, сорда қалмай, мағыналы жұмыспен айналысуын айтады.

Міне, осы екінші туу -өзің өзі танудан басталады, одан кейін жақыныңды таны, одан кейін болашақ жарыңды таңда.

 Адам атаның екінші насихаты- «ҚАТЫН ТІЛІН АЛМА» деген сөз бар. Қатынның жаны ашығанын «маған жаны ашып, пайдамды айтты» деп білме дейді. Қатын тіліне еремін деп жұмақтан қуылғанын айтып тұр ма деймін.

 

Қазақтың ескі сөзінің бірі:

Əкең жақсы кісі еді жамбас жеген, 
Жақсыдан жаман туса оңбас деген.
Шешеңнен бір кінәрат болған шығар,
Иттің боғы қылшықсыз болмас деген.

Осы сөзді қазақтың ескі сөзінің бірі деп отырмын, шын мәнінде авторы бар ма екен деп ойлап қоямын. ХІХ ғасыр ортасының тіл орамына ұқсайды. Одан кейін адам қасиеттеріне дәл бағасын беріп, текті-тексіздігін айырып, өз ортасын ащы теңеулермен ұстарадай тіліп, жақсы мен жаманды сынап беретін тіл қазақтан кетіп қалды.

 

Ж.Артықбаевтың фб парақшасынан

 

Пікірлер Кіру