ҚАЗАҚТЫҢ СЫБАҒА ДӘСТҮРІ
"Сыбаға" сөзі қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде ерекше орын алады. Ол бірнеше мағыналарды білдіреді:
1. Мәдени-әлеуметтік мағынасы:
Сыбаға – бұл қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлығы мен сыйластығын көрсететін ұғым. Қонаққа берілетін арнайы ас, тағам түрлерін немесе мал-мүлік бөлігін “Сыбаға” деп атайды. Мысалы, мал сойып, оның етінен арнайы қонақтарға немесе жақын туыстарына арнап бөліп беретін үлесті де “Сыбаға сый” деп атайды.
2. Дәстүрлі мағынасы:
Сыбаға – бұл қазақтардың белгілі бір дәстүрлерге байланысты беретін сыйлық немесе тарту. Ол жыйын тойларда, мерекелерде, арнайы салт-дәстүрлік шараларда орындалады. Сыбаға беру – сыйластық пен құрмет көрсетудің белгісі.
3. Тұрмыстық мағынасы:
Сыбаға – күнделікті өмірде біреуге арнайы дайындап берілетін тамақ немесе мүлік. Мысалы, ауылдағы адамдар бір-біріне жиі сыбаға жібереді, бұл бір-біріне қолдау көрсету мен жақындықтың, береке-бірліктің белгісі саналады. Сонымен қатар сыбаға дәстүрі — қазақ халқының қонақжайлық мәдениеті мен ұлттық тағамдық дәстүрлерінің ажырамас бөлігі. Бұл дәстүр қонаққа, туған-туыстарға немесе қадірлі адамдарға арналған арнайы ет үлестіріп, құрмет көрсетуге негізделген.
Сыбаға бірнеше түрге бөлінеді
1. Қонақ сыбағасы:
Қонаққа арнайы дайындалған ет. Қонақ келсе, үй иесі оларға арнап мал сойып, ең жақсы етті бөліп береді.
2. Туыс-туған сыбағасы:
Туыстар мен жақындарға арналған ет үлесі. Әсіресе, үлкен той-томалақ кезінде немесе ас беру кезінде жақын туыстарға арнайы сыбаға беріледі.
3. Сыйлы сыбаға:
Қадірлі қонақтарға немесе ауыл ақсақалдарына арналған сыйлы ет үлесін тарту, дұрыстап сыбаға беру, жасына, жынысына қарай, адамдар арасындағы орнына қарай сыбаға беру, әр отбасының әдебі мен мәдениетіне, дәстүр тағылымына байланысты екенін көрсетумен бірге қазақ халқының өзара сыйластық, құрмет және бір-біріне деген ықыласын білдірудің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады. Сыбаға арқылы адамдар арасында байланыс нығайып, достық пен туыстық қарым-қатынастар бекітіледі.
Сыбаға табаққа салынатын кәделі жіліктер қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін танттады. Сыбаға табаққа арнайы қонақтарға, туыстарға, ақсақалдарға арналған бағалы және кәделі жіліктер салынады. Әр жіліктің өзіне тән мән-мағынасы, ырымдық жосыны бар.
Негізгі кәделі жіліктер мен олардың мағынасы:
1. Бас:
Бас үлкен құрметті білдіреді. Бас табаққа ауылдың немесе отбасының ең құрметті адамына беріледі. Басты ұсыну арқылы сол адамға құрмет көрсетіледі және онымен бірге береке-бірлікті сақтауға ниет етіп, дана адамдардың ақ батасын алады. “Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас”, “Алғыспен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп үлкеннен бата алу бақыт жолына түсу деп сенеді. Бас ұсыну басымыз үнемі қосылып жүрсін деген жақсы ырымды нышан.
2. Жамбас:
Жамбас жілігі де қадірлі қонақтарға, туыстарға, әсіресе күйеу балаларына ұсынылады. Жамбасты беру арқылы үй иесі қонақтың мәртебесін көрсетеді және оларға деген құрметін білдіреді.
3. Ортан жілік:
Бұл жілік туыстар мен жақын достарға беріледі. Ортар жілік беру арқылы туыстық және достық байланысты нығайту мақсат етіледі.
4. Асық жілік:
Асық жілік пен төс—күйеу мен келінге тартылатын кәделі жілік саналады. Бұл жілікті беру арқылы оларға құрмет- сый көрсетіледі және ұзақ ғұмыр, денсаулық тіленеді.
5. Кәрі жілік:
Кәрі жілік—бастың жолдасы немесе қосымшамы ретінде ауыл ақсақалдарына баспен бірге тартады. Ет кесіп отырған қариялар бастың қасында, кәрі жілік жоқ болса, табақ тартқан үйдің иелерін сөгіп, жөн білмейді екен, жалғыз қубас тартыпты деп оны жаман ырымға балап, басты қолға алмай қояды. Сыбағаны дұрыстап тартуды білмейді деп, тоғыз айып қойып, екінші кемшілік жібермеуге шақырады.
6. Омыртқа:
Омыртқа мен қабырғалар — әр табаққа салынатын кәделі жіліктердің қосымшасы ретінде табаққа салынады. Сыбаға табақ кәделі жіліктер мен қосымшалпры толық болғанда ғана үлкендерге, ақсақалдарға беріледі. Бұл жілікті беру арқылы оларға құрмет көрсетіледі және олардың білімдері мен тәжірибелері бағаланады.
7. Жүрек:
Жүректі көбінесе ақсақалдарға немесе ерекше қонақтарға ұсынады. Жүрек беру арқылы жүрекжарды ниет білдіру мақсаты көзделеді. Сыбаға табаққа салынатын кәделі жіліктердің ырымдық жосыны да бар. Мысалы, бастың құлағын балаларға беріп, "Құлағың түрік болсын" “Құйма құлақ ұғымтал бол”деп тілейді. Жас келіндерге төс беру арқылы олардың күйеуіне деген сүйіспеншілігін арттыру көзделеді. Бұл дәстүрлер халықтың арасындағы қарым-қатынастарды нығайтып, мәдениетті сақтауға ықпал етеді.
Сыбаға табақты "сыйлы табақ" деп атау қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен қонақжайлылық салт-дәстүрлеріне байланысты.
Оның бірнеше себебі бар:
1. Құрмет көрсету:
Сыбаға табақ құрметті қонақтарға, туыстарға, және сыйлы адамдарға арналады. Бұл табаққа салынған кәделі жіліктер мен тағамдар қонақтың мәртебесін көрсетіп, оған деген құрметті білдіреді. Бас, жамбас, ортан жілік, кәржілік, омыртқа, жауырын, сүбе қабырға, қара қабырға,төс, сияқты жіліктер тек қана сыйлы адамдарға ұсынылады.
2. Қонақжайлылық:
Қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрі бойынша, қонақтарға ең жақсы тағамдарды ұсыну керек. Сыбаға табақ қонақтардың алғысын алып, оларды риза ету мақсатында дайындалады. Осылайша, қонақжайлылықтың ең жоғарғы деңгейі көрініс табады.
3. Ырымдар мен жоралғылар:
Сыбаға табаққа салынатын жіліктер мен тағамдар арқылы белгілі бір ырымдар мен жоралғылар орындалады. Мысалы, басты беру арқылы үлкенге құрмет көрсету, төс беру арқылы күйеу баласына жақсылық тілеу сияқты ырымдар жүзеге асырылады.
4. Туыстық және достық қатынастар:
Сыбаға табақ сыйлы қонақтарға, туыстарға және достарға арналады, бұл арқылы олардың арасындағы қарым-қатынастарды нығайту көзделеді. Туыстық байланыстарды күшейтіп, достықты нығайту үшін де сыбаға табақтың маңызы зор.
5. Берекелік пен бірлік:
Сыбаға табақ жалпы берекелік пен бірлікті білдіреді. Үй иесі өз дастарқанын молынан жайып, сыйлы қонақтарды қанағаттандыру арқылы береке-бірлікке ұмтылады. Сыбаға табақтың "сыйлы табақ" деп аталуы осындай көптеген себептерге байланысты, бұл дәстүр қазақ халқының мәдениеті мен әдет-ғұрыптарының маңызды бір бөлігі болып табылады.
Болат БОПАЙҰЛЫ