ҚҰРАН КӘРІМДІ ЕКІНІҢ БІРІ ТӘПСІРЛЕЙ АЛМАЙДЫ

02 мамыр 2024 1820 0
Оқу режимі

قَالَ اللهُ تَعَالَى: قُلْ لَئِنِ اجْتَمَعَتِ الْاِنْسُ وَالْجِنُّ عَلٰٓى اَنْ يَأْتُوا بِمِثْلِ هٰذَا الْقُرْاٰنِ لَا يَأْتُونَ بِمِثْلِهِ وَلَوْ كَانَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ ظَهِيرًا. (سورة الإسراء، 88)

Aлла Tағала былай бұйырады (мағынасы): “(Уа, Мұхаммед!): «Ант етемін! Егер күллі адамзат пен жындар дәл осы Құран сияқты бір кітап жазу үшін жиналса, тіпті сол мақсатта бір-біріне жан-жақты қолдау көрсетіп, күш біріктірсе де, бәрібір, дәл сондай кітап жаза алмайды», - деп айт”. (Исра сүресі, 88-аят)

Oсманлының соңғы дәуіріндегі лингвистік ғалымдардың ең мәшһүрі, түрікше, арабша және французша сөздік құрастырған Шәмсиддин Сами Құран кәрімді аударып, тәпсірлемек болғанда Шейх ул-ислам оған рұқсат етпеген. Тарихшы Абдуррахман Шереф оның себебін былай түсіндірген:

“Құран кәрімнің тілін түсіну үшін тек араб тілін жақсы білу жеткіліксіз; тәпсір ілімінің көп қосымша ілімдері бар, айлап-жылдап ізденуді қажет етеді. Қалаған адам, қандай жақсы ниетте болса да, Құран кәрімді тәпсірлеуге ұмтылмауға тиіс”. 

Пікірлер Кіру