САБЫР – АДАМНЫҢ ДОСЫ

07 наурыз 2024 1589 0
Оқу режимі

САБЫР – қашаннан адамның досы. Сондықтан да атам қазақ «ашуыңды сабырыңа жеңдір» деп бекер айтпаса керек.

Сабырдың адамға тек жеңіс сыйлайтыны жайында сонау пайғамбар заманынан бізге жеткен хадистер де айтқан. Адамзатқа үлгі болған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Ашуға ерік берме. Ашу қысып, булығып тұрған адамның көзіне күліп қара. Күлімсіреген көзге ешкім де жамандық жасай алмайды» деп өсиет еткен екен.

Сабыр адам баласын жақсылыққа жетелейтін, адамдық жеңіске ұмтылдыратын адами дара қасиет. Тарихқа көз жүгіртсек, ел билеген кез келген басшының ұтқаны да осы сабырға беріктігінен. Ал сабырсыздықтан ұтылғаны қаншама?

Кезінде ақылдың күші, найзаның ұшымен әлемді жаулауды мақсат тұтқан Шыңғысхан да қандай қиын сәт болсын сабырын жоғалтпаған. Ашуы алқымына келген тұста, артқа ұстаған қолдарының он саусағын санап және сол саусақтарын өз қалауынша атап, сабыр шақырған көрінеді... Осылай өзін тежеуінің, сабырлы болуының арқасында мыңдаған әскерге қолбасшы болып, қаншама елді жаулап, діттеген мақсаттарына қол жеткізді. Бұл да бір тарихтан алатын ұрпаққа ұлағатты тәлім, өнеге.

 

Akim Yskak

 

Пікірлер Кіру