САҒАН ҒАНА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТІП, СЕНЕН ҒАНА ЖӘРДЕМ ТІЛЕЙМІН!
Уа, Алла Тағалам! Мен сенен таңғажайып дүниелер мен сағым болған армандарды емес, мен сенен тек қана әрбір күнімнің берекесін сұраймын. Мені әрбір кішкентай іс-әрекеттің өзін көркем түрде жасай алатын адам еткейсің!
Мені күнделікті өмірімде жанымды толқытқан жаңалықтар мен тәжіриебелерді игере алатындай қырағы әрі алғыр ете гөр!
Маған уақытымды дұрыс жүйелеуді үйретіп және маңызды нәрселермен маңызсыз нәрселердің ара-жігін ажырата алатын түйсік сыйлағайсың!
Уа, Тәңірім! Өмірде тайғанақтап, жаза басып кетпей әрбір сәтімді тиімді пайдалану үшін маған өзің қойған межеңнен аттап баспайтын ұстамдылық нәсіп еткейсің!
Сол арқылы биік шыңдар мен алыс жатқан белестерге көз тастай жүріп тек ара-тұра өнерден де ләззат алуымды нәсіп ете гөр!
Менің өткен-кеткен және болашақтағы армандарға алданбауыма, олардың маған еш медет бола алмайтынын түсінуіме көмектесші. Маған дәл осы жер мен дәл осы сәтімнің ең маңызды екенін ұқтыра гөр!
Мені өмірде бәрі жақсы болу керек деген жаман ойдан арылтқайсың!
Өмірдегі қандайда бір қиындықтар, жеңілістер мен сүрінулер мені тек кемелдендіре түсетін өмірдің ең маңызды бөлігі екенін ұғатын сана бер!
Уа, Жаратқан! Жүрек пен ақылдың үнемі таласқа түсетінін менің есіме жиі салғайсың!
Маған дер кезінде бетіме батылы жетіп шындықты айтатын адамды жібере гөр!
Бірақ ол сол шындықты махаббатпен айтса екен!
Мен көп қиындықтардың уақыт өте артта қалатынын, тіпті ештеме істемесекте көп мәселелердің түйіні өзі-ақ шешілетінін білемін. Сондықтан маған сабыр етуді үйреткейсің!
Уа, Жаратушы Ием! Сен біздің достыққа қаншалықты зәру екенімізді білесің!
Ендеше мені тағдырдың осынау қастерлі сыйына лайықты болуымды нәсіп етші!
Менің біреуге ең керек сәтте, ең керек уақытта үнсіз немесе сөзбен ең керек жылуды сыйлауым үшін маған шалқар шабыт пен шексіз қиял нәсіп еткейсің!
Мені өмірде ең терең құзға құлағандарға дейін қол ұшын соза алатын адам еткейсің! Мені өмірде бірдеңеден құр қалып қаламын деген қорқынышты ойдан құтқара гөр!
Маған мен сұрағанды емес маған ең қажеттіні ғана нәсіп қыл!
Уа, Раббым! Мен әрбір кішкентай әрекеттерімнің өзін көркем түрде жасай алатын адам ете гөр!