Сахабалардың Құрандағы орны

24 қыркүйек 2020 3768 0
Оқу режимі

«Мұһажырлар мен ансарлардың Исламды алғаш болып қабылдаған алдыңғы қатарлыларынан және оларға жақсылықпен ергендерден Алла разы болды. Олар да Алладан разы болды. Алла оларға мәңгілік өмір сүру үшін (бауларының ішінен және зәулім сарайларының түбінен) өзендер ағатын жұмақ бақшаларын дайындап қойды. Міне, бұл – ең үлкен жетістік»[1].

«Шынында, Алла Тағала (Худайбияда) сол ағаштың астында саған серт берген кезде, мүміндерден разы болды. Олардың жүрегіндегі (ықылас пен шынайылықты) көріп, жан тыныштығына бөлеп, көп ұзамай келетін жеңіс пен олжаны нәсіп етті. Алла өте құдіретті және асқан дана»[2].

«Соғысқа қатыспай қалғандарды жазғырмағаны үшін пайғамбарды кешіргені сияқты Алла олардың бір бөлігінің көңіліне күдік шауып, әрі-сәрі толқыған сол қиын кезеңде пайғамбарға бағынған мұһажырлар мен ансарларды да тәубеге келтіріп, сосын олардың бұл тәубелерін қабыл етті. Өйткені, Ол өте мейірімді, аса қайырымды. Алла соғысқа қатыспай өздері туралы үкім кейінге қалдырылған сол үш адамның да тәубелерін қабыл етті. Өйткені, олардың жан азабын тартқаны соншалықты – жер беті кеңшілігіне қарамастан тарылғандай, жандары қатты қысылды. Ар-ождан азабына түсті. Ақырында, Алладан басқа пана жоқтығын аңғарды. Сосын Алла оларға тәубе етуді нәсіп етті. Өйткені, Алла тәубелерді қабылдаушы әрі асқан мейірімді»[3].

 


[1] «Тәубе» сүресі, 100-аят.
[2] «Фәтх» сүресі, 18-19 – аяттар.
[3] «Тәубе» сүрес, 117-118 – аяттар

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру