Сенімділікті жоғалтатын 5 нәрсе

28 тамыз 2019 7125 0
Оқу режимі

Көп нәрсеге қол жеткізгісі келетін, бірақ жетістікке жете алатынына сенбейтін жандарға арналған бірнеше кеңес.

Өзіне сенімді адамдар кімді болса да тамсандырады. Оларды көрген кезде, осынша жетістікке олар өздеріне қатты сенгендіктен қол жеткізді деген ой келеді. Шын мәнінде, олар өзін-өзін бағалауға теріс ықпал ететін ойлар мен эмоциялардан қалай құтылу керек екенін біледі.

1. САЛЫСТЫРУ

Бала кезімізден бастап біз басқалармен бәсекелесіп келеміз. Алайда, барлық тұрғыдан бәрін бірдей озу мүмкін емес. Оның орнына сіз өзіңіздің ең жақсы нұсқаңызсыз ба? Соны ойлаңыз. Ол үшін өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды шын мойындауыңыз керек. Егер кешегі күніңізбен салыстырғанда, бүгін шынымен жеңіске жеткіңіз келсе, (кешегі өзіңізді озу үшін) өзіңізді дамытуға өте көп күш жұмсауға тура келеді. Сол кезде басқаларға қарауға уақытыңыз да болмай қалады. Өзгемен емес, өзіңізбен əуре болыңыз.

2. ӨТКЕН СӘТСІЗДІКТЕР

Өткен жеңілістердің күйініштерін мойындау үшін үлкен батылдық қажет, бірақ соған қарамастан жаңа белестерді бағындыруға ұмтылу керек. Бар күшіңізді жеңіске жетуге жұмсаңыз. Сәтсіздіктерге бола, мақсаттарыңыздан бас тартпаңыз.

3. ДАЙЫНДЫҚСЫЗ БОЛУ

Әрбір күн бізге болашақтағы жеңістерге дайындалуға мүмкіндік береді. Әр күннің қадірін біліп, әр күнді барынша пайдалы етіп өткізу керек.

Жеңімпаз сияқты өмір сүру үшін, жеңімпаз сияқты ойлану керек. Өмірінде бір рет болса да жеңімпаз болған жан оның артында қандай еңбек жатқанын жақсы біледі.

Сіз көбірек еңбектенуге дайынсыз ба? Нәтиже үшін қолайсыз жағдайларға шыдауға келісесіз бе? Егер «иә» десеңіз, онда болашақ жеңістер үшін дәл бүгіннен бастап іске кірісіңіз. Сенімділік қажетті дағды және тәжірибемен бірге келеді.

4. ҚОРҚЫНЫШ

Сыннан қорқу (жұрттар не дейді?) – көпшілігімізді қалаған нәрсемізге қол жеткізуге кедергі келтіретін ең үлкен қорқыныш. Негізінде, егер оған үлкен мән бермесеңіз, айналадағы адамдардың пікірлерінің ешқандай күші жоқ. Бұл өмірде сыншы көп. Ит үреді, керуен көшеді. Сіздің сенген нәрсеңіз кез келген үрей мен қорқыныштан әлдеқайда маңыздырақ.

5. ТЕРІС ОЙЛАУ (НЕГАТИВТІ ОЙ)

Сіздің мыңдаған мүмкіндіктеріңіз бар екенін ешқашан ұмытпаңыз. Өзіңізді тұңғиыққа тартатын және үмітсіздік сезімін тудыратын ойлардан арылыңыз. Сындарлы (конструктивті) ойлауға үйреніңіз. Өйткені сіздің тек дәл қазіргі көңіл-күйіңіз ғана емес, болашағыңыз да осыған байланысты.

Есіңізде болсын, өзіңізге деген сенімділік – көптеген жеңістердің нәтижесі ғана емес, белгілі бір дәрежеде олардың себебі де.

Сіздің қалаған нәрсеңізге қол жеткізе алатындай күш-қуатыңыз, ақылыңыз және еңбекке деген қабілетіңіз бар. Демек, сіздің өзіңізге сенбеуге еш себебіңіз жоқ.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру