ШАЙТАННЫҢ КӨМЕКШІСІ БОЛУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

03 шілде 2024 1208 0
Оқу режимі

Исмаил Хаккы Бурсауи (рах.) былай дейді:

Әулиелердің бірі Бағдаттан қайтып келе жатып, жолда шайтанға тап болады. «Бағдаттағы орныңды кімге қалдырдың?» - дейді шайтанға. Шайтан: «Бишр әл-Мерисиге тастап кеттім» – дейді. Сөйтсе сол кезде Бағдатта Имам Әбу Юсуфтың (рах.) Бишр деген шәкірті болған екен. Ол Әһли сүннет жолынан тайып, Бағдат халқын да хақ жолдан адастырып жүреді. Құран кәрім туралы ақылға сыймайтын нәрселер айтатын.

Міне, Бишр Бағдат та шайтанның көмекшісі болып, халықты адастырып, шайтанға еру арқылы оның бейнесіне кірді. Мұндай адамдар қанша білімді болса да надан болып қала береді.

Имам Әбу Юсуф сияқты бір мұжтаһидтің шәкірті бола тұра, қалайша адасып, «тіріден» «өлі» шықан?! «Өзі шалдыққан дерттен бейхабар адам халықты дерттен қалай айықтыра алмақ? Ғылымнан бейхабар өзгеге ұстаз, өзі соқыр біреуге жол көрсетуші, ауырып жүріп басқа біреуге дәрігер, бидғатшы адам басқаларға қалай жол көрсетуші болады?)» деген сөз бар. Сондықтан ғылыммен айналысатын адам діни ғылымдарды рухани жағымен қоса меңгеру керек. Әйтпесе ол пайғамбарлардың емес, шайтанның мұрагері боп қала береді.

 

Пікірлер Кіру