СЮЦАЙ ТУРАЛЫ ОСЫНЫ БІЛСЕҢІЗДЕР…
Сюцай – бұл Қытайдан шыққан, адамның жеке басы, тұлғалық ерекшеліктері, тағдыры, туған күні, айы, жылы арқылы болжайтын жүйе. Ол дәстүрлі қытай философиясы мен сеніміне, астрологиясына негізделген. Соның ішінде Ба Цзы яғни, “Сегіз иероглиф “ әдісіне сүйенеді. Бұл жүйеде адамның мәні бес элемент пен инь-ян қағидалары арқылы түсіндіріледі. Яғни, идеясы мынау: Бес элемент жүйесі (У-Син): Ағаш, От, Жер, Металл,Су…
Бұл элементтер адамның туған күніне байланысты анықталады және оның мінез-құлқы, қабілеттері, өмірлік қиындықтары мен жетістіктері туралы мәлімет береді. Әрине бұл негізінен мұсылман танымына сыймайды. Сюцай нанымында әлемдегі барлық нәрсе инь (әйелдік энергия) және ян (еркектік энергия) тепе-теңдігі арқылы түсіндіріледі. Бұл тепе-теңдік адамның тағдырына да әсер етеді. Ба Цзы, яғни, “8 иероглиф” адамның туған күніне сәйкес энергияны анықтайды. Сюцай мисионерлері осы сегіз символды талдап, адамның мінезі мен тағдырын болжайды.
Сюцай жүйесі соңғы жылдары Қазақстан мен басқа елдерде танымал бола бастады. Бұл Адамның тағдырын, жеке қабілеттері мен күшті жақтарын, мансабын, қаржы байлығын, отбасы сияқты мәселелерді болжауға көмектесу мақсатында қолданылады. Әрине, болжам, сәуегейлік, пал ашу сияқты амалдар исламның тағдыр туралы түсінігіне қайшы. Ғылыми таным да қабылдамайды. Сюцай жүйесі ғылыми танымға емес, ежелгі қытай философиясы мен дәстүрлі нанымдарына сүценеді. Сондықтан оны псевдоғылым ретінде қабылдайды.
Кейбір мамандар Сюцайды коммерциялық мақсатта пайдаланып, оны маркетинг құралына айналдырып жүр. Мейлі, қысқасы, Шәкірттерден келген сауалдар көп әрине. Соның бірі осы Сюцай модасы…
Сюцай – қытайдың дәстүрлі мәдениетінен шыққан көне жүйе, ежелгі таным. Бірақ оны “ғылыми таным” қабылдамайды. Адамда танымдар шнксіз. Солардың ішіндегі ең белсендісі діни таным, философиялық таным, ғылыми таным, оккульттік таныммм осылай кете береді. Ал енді сюцайды қытайлар өзін танудың бір жолы ретінде ғана қолданады. Бірақ оны өмірдегі барлық танымдық шешімдерге бағыт беретін абсолюттік құрал деп қабылдамайды. Осыны білсеңіздер жетер...