ТӘКАППАРЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ

10 маусым 2023 5270 0
Оқу режимі

Адам бойындағы болатын теріс қасиеттердің ең жаманы, адамдарға жағымсызы, ең лайықсызы, ол тәкаппарлық, менмендік. Алла Тағала мұндай қылыққа қатаң түрде тыйым салған:

«Сонда Мұса: «Мен өзімнің де сендердің ортақ Раббымыздың атымен Есеп күніне сенбейтін әрбір тәкаппардан сақтанамын», – деді» («Ғафир» сүресі,27-аят).

«Шындығында Ол (Алла) тәкаппарларды ұнатпайды» («Нахыл» сүресі, 23-аят).

Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде: 

«Жүрегінде түйірдей иманы бар адамның бәрі тозаққа кірмейді. Жүрегінде түйірдей тәкәппарлығы бар адамның бәрі жұмаққа кіре алмайды» (Мүслим, Иман, 148, 149) деп өзін паң санататын тәкәппарлықтың, иманға қайшы келетінін білдірген.

Тәкаппарлық деген – өзін басқалардан  ілімімен, амалымен, дүниелік  іс-әрекетімен  жоғары ұстау болуы мүмкін.

Тәкаппарлықтың діни және дүниелік екі сипаты болуы мүмкін. Бұл сипаттардан тарайтын тәкаппарлықтың жалпы жеті себебі бар:

  1. Ілім – ілім иесі болған кейбір адамдар тәкаппарлық  дертіне тез шалдығады. Олар өзінде болған ілімінің көптігінен өздерін басқалардан жоғары ұстайды. Олардың тәкаппарлығы екі себепке негіз болады:

Бірінші себеп: Ілім деп таныған нәрсе ақиқат болмайды. Ақиқат, шынайы ілім арқылы пенде Алланы және өзін жақсы таниды. Шынайы ақиқат ілім иесі тақуа болып тәкаппарлыққа жақындамайды.

Алла тағала «Фатыр» сүресінің 28-аятында: «Әлбетте, Алладан Оның ғалым (ғұлама) пенделері ғана қорқады» - дейді.

Екінші себеп: Білімді  болса да, өз нәпсісін бұзықтықтан, жаман мінезден, өтірік, өсектен тоқтата алмайтын адамдар.

Осы сияқты адамдар қанша білім алса да, өздерін тәрбиелей алмағандары үшін, жаман сипаттардан арыла алмайды. Осындай себептермен білім иесі тәкаппарлыққа тез кетуі ғажап емес.

  1. Амалы себепті тәкаппар болу.  Бұл сипаттағы тәкаппарлық Аллаға ерекше, көбірек құлшылық етуші адамдардан болады.

Бұл екі санатқа бөлінеді:

Бірінші санаттағы амалдар дүниелік істерде болады. Тәкаппарлыққа берілген адамдар тек өздерінің көңілін аулап, ел-жұрттан ерекше болуды қалайды. Адамдар олардың қажетін өтеп, мақтап, ұлықтап, орнынан тұрып жай беріп, әрдайым олардың тақуалығын және ерекше жасаған құлшылықтарын мақтап жүрулерін жандары қалайды.

Адамдардың өзінің айналасында құрдай жорғалап жүруін ұнату да тәкаппарлықтың белгісі.  

Хазреті Али (р.а.) «Кім тозақ қауымынан бір кісіні көргісі келсе, өзі отырып алып алдында адамдарды тік тұрғызып қойған адамға қарасын (назар салсын)» - деген.  

Ал Абу Дарда (р.а.) «Қашан да артынан адам ілестіріп жүргеннен бастап, пенде Алладан ұзақтай береді» - дейді.

Адамдардың жағдайын (көңілін) сұрап бармау, өзіне тиесілі нәрсені үйіне өзі алып бармауы да тәкаппарлық сипаттарының бірі.

Бір әулие кісі Рамазан айында шәкірттерімен бірге сапарға шығады. Діттеген жерге жақындаған кезде бір топ адамдардың оларды қарсы алу үшін жолдардың адамдармен толтырғандарын көреді. Әлгі әулие кісі, бірден дорбасынан қатқан нанды алып аузына салады.     Мұны көрген көпшілік: «Біз бұл кісіні үлкен ғалым, тақуа, әулие деп білетін едік, ал бұл болса Рамазан айында ораза тұтпапты, оның үстіне барлығының көзінше нан жеп келе жатыр. Мұндай адаммен сөйлесуге болады ма?» деседі де, тарап кетеді.

Шәкірттері  бұл істеген  әрекетінің себебін, хикметін сұрағанда, «Соншалық көп адамның біз үшін көшелерді толтырғандарын көргенімде көңіліме тәкаппарлық келуінен қорықтым. Олардың көзіне төмен болып көрініп, нәпсімді түсіру үшін осылай істедім. Нанды шайнадым, бірақ жұтпадым. Көргендердің барлығы мені нанды жеп қойды деп ойлады. Көңіліме тәкаппарлық орналасып Алла тағаланың азабына себеп болсам жағдайым не болар еді?» - депті.

Екінші санаттағы амалдар   діни істерде болады. Тәкаппарлыққа берілген құлшылығы өте көп тақуа адамдар, өздерінен басқасы қисық (бұрыс) жолда жүргендерін көре қалса, оларды адасқандар, бәлекетке ұшырағандар деп өзін олардан жоғары ұстайды.

Имам Муслим, Әбу Хурайрадан (р.а.) жеткен хадисте, Пайғамбарымыз ﷺ: «Қашан бір кісіден «адамдар бұзылды» дегенді естісеңіз, біліп қой, оның өзі бұзылған» - деген.

  1. Тегі мен дәрежесі арқылы тәкаппарлану

Тегі шарапатты, беделді  болған адам өзінен білімі мен амалы артық, жоғары болған адамға тәкаппарланып қарым-қатынас жасайды. Олардың түсінігінше, басқа адамдар олардың құлы немесе қызметкеріндей болады. Исламның үйретуінде  тектік, беделдік кісінің амалынан жоғары қойылмаған.

Әбу Хурайрадан (р.а.) жеткен хадисте; Пайғамбарымыз ﷺ «Кімнің амалы артқа тартса, оның тегі, мансап-дәрежесі алға тарта алмайды» - деген.

  1. Көркімен тәкаппарлану.

Бұл нәрсе әдетте әйелдер арасында көбірек кездеседі. Олар бір-бірлеріне көріктері арқылы басқалардын айыптарын ақтарумен болады.

  1. Мал-дүниемен тәкәппарлану.

Мал-дүниесі, ақшасы көп  кісілер, Ислам тәрбиесін алмаған болса кедейлерден, жағдайы төмен адамдардан өздерін, мал-дүниесімен жоғары ұстап тәкәппарлануы. Олардын тәкәппарлығы әңгімелері мен істерінен байқалып қалады.

Пайғамбарымыз Әбу Хурайрадан (р.а,) риуаят етілген басқа бір хадисінде: «Тәкәппарланып изарын дененің белден төменгі жағына киілетін шалбар секілді киім сүйреткен кісіге Алла Тағала қиямет күні рақымдылықпен қарамайды»  (Бухари, Муслим) -  деп жалпы ұзын киюді емес тек тәкәппарлану мақсатында ұзын етек киюдің күнә екенін нақты түсіндірген.

Тәкаппарлық дінімізде кісіні тозаққа лайық ететін қатерлі рухани ауру.  Бұл жайлы Пайғамбарымыз ﷺ : «Кімде-кімнің жүрегінде тозаңдай тәкаппарлық болса, ол кісі  жұмаққа кірмейді», - деді.

Сонда бір адам : «Әркім өзінің киімі мен аяқ киімінің әдемі болғанын қалайды. Бұл да тәкаппарлыққа жатады ма?», - деп сұрақ қойды.

Пайғамбарымыз ﷺ «Алла Тағала көркем, көркемдікті жақсы көреді. Тәкаппарлық ол – ақиқатты мойындамау әрі өзге адамдарды менсінбеу» - деп жауап берді.

  1. Күш-қуатымен мақтанып тәкаппарлану.

Дене күші мықты адамдар, спорт шеберлері, күресшілер, боксшылар жайлы айтылады. Тәкаппарлардың өздерінің қарсыластары төмен, күшсіз, әлсіз болғандардың үстінен қарауы.

  1. Өз жағындағы жақындарымен тәкаппарлану.

Кісі өзінің қарамағындағылары, шәкірттері, қызметкерлері, туған-туыстары, жора-жолдастары және балаларымен тәкаппарлану.

 

Тәкаппарлықтың түрлері:

  1. Алла Тағалаға тәкаппарлану. (Алла Тағалаға  пенде болудан өзін алып қашу) Мысалы: Ферғаун мен Намрудтың тәкаппарлығы. 
  2. Пайғамбарымызға ﷺ тәкаппарлық.   (Мекке кәпірлеріне ұқсап  Пайғамбарымызға ﷺ  бойсұнудан  надандықпен тәкаппарлану).
  3. Пенделерге тәкаппарлану. (Өзін басқалардан жоғары қойып өзгелерге жаман көзімен қараудан тұрады).

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру