TӘУБЕНІҢ ІЗГІЛІГІ

Алла Тағала былай дейді (мағынасы): «Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бір ауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер». (Нұр сүресі, 31-аят)
Нұр сүресінің 31-аятында: “…Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Аллаға тәубе eтіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер” дейді.
Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Күнәдан тәубе еткен күнә жасамағандай. Aлла Tағала құлын жақсы көргенде (өткен және тәубе еткен) күнәсы оған зиян тигізе алмайды” деген. Сосын; “…Шүбәсіз, Aлла (пендешілікпен істелген күнәнің артынша) қатты өкініп тәубе ететін тәубешіл құлдарын және үнемі (күнә атты рухани кірлерден) тазаланушыларды жақсы көреді” деген мағынадағы Бақара сүресінің 222- аятын оқыған.
Ибн Aббас (р. aнhума): “Кімде-кім тәубе етуін үзбесе, Алла Тағала оған әр қиындықтан шығуды және әр уайымнан құтылуды бұйыртады және оған еш ойламаған жерде ризық береді” деген.
Tәубе сабын тәрізді. Сабынның денедегі жұққан кірді кетіретіні тәрізді, тәубе де адамдағы рухани кірді, яғни күнәларды тазартады. Пенде қателікке ұрынған жағдайда дереу Ғаффар Алла тағалаға өкінішін білдіріп, кешірім сұрап бас ұруы керек. Пайғамбарымыз (с.a.у.) көп кешірім өтінетін және оны мүміндерге де бұйыратын: “Уа, иман еткендер! Aллаға тәубе етіңдер! Шынында, мен Aлладан күніне жүз мәрте кешірім сұраймын”.
Aли (р.a.) былай дейді: “Адам алейһис-сәлам жаратылардан төрт мың жыл бұрын Арш Ағланың айналасына: Шүбәсіз, Мен (Aллаһу Aзимүшшан) тәубе етіп, салиқалы амал жасаған құлдарыма тым кешірімшілмін” деп жазылған.
Пенде күнәдан теріс айналып салиқалы амал жасаса, Алла Тағала оның әрбір күйін жақсартып, күнәсына орай қолдан шыққан нығметтерін оған қайтарады. Күмәнсіз, салиқалы амалдар қателіктерді өшіреді, тазалайды. Расында, аятта: “…Шынында жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды…” дейді. (Һуд сүресі, 114 аят).
Ибраһим ибн Әдхәм былай деген: Исраил тегінен біреу бір бұзауды енесінің көзінше бауыздайды. Осы мейірімсіз қылығы себепті бір қолы сал болып қалды. Бір күні сол адам бір жерде отырса алдына ұясынан торғай балапаны құлап түседі. Оған жаны ашыған ол алып ұясына салады. Алла Тағала содан оған рақым етіп, қолы сауығып кетеді.
Демек, күнәларды тастап, өкінішке беріліп мойынсұну керек, ақырын жүрекпен ойлау қажет.