Түйенің саны

22 маусым 2020 5749 0
Оқу режимі

Хазреті Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) халифа болмай тұрып бір кісімен дос болады. Досы түйе сойса, әрдайым бір санын Омарға (р.а.) сыйлық етіп әкеліп береді екен.

Біраз уақыттан кейін Хазреті Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) халифа болады. Сол кезеңде әлгі досы базарда кетіп бара жатып, біреудің затын ақысыз алып кетеді. Арызданушы оның досына шағымданып алдына келіп, әділеттілік орнатуын талап етеді.

Сол кезде досы өзіне: «Иә, халифа! Сен мына мәселені түйенің санын денесінен ажыратқандай, мына екеуміздің арамызды ажыратып бер», - деп алдыңғы сыйлықты пара ретінде бергеніне ишарат жасапты. Сол кезде әділетті Омар (р.а.) халифа әлгі досына екі жаза беріпті: біріншісі берген сыйлығын пара етіп айтқаны үшін, екіншісі күнәсі үшін.

Атам қазақтың: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегені де осының айғағы секілді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру