ҰЛТЫҢНАН НЕГЕ ЖЕРІДІҢ?

26 маусым 2024 1299 0
Оқу режимі

Қыпша белі иілген,

Қараған адам сүйінген,

Сызылып ұршық иірген,

Қасаба, желек, сәукеле,

Бөкебай, камзол, белдеме,

Қос етек көйлек киінген.

Әбүйірін жауып киімі,

Қыз арын сақтап тыйымы,

Салынған қырық үйіңнен,

Қыз - келінен сән кетті,

Иман, ардан мән кетті,

Безгелі ұлттық киімнен.

 

Қырандайын түйілген,

Иманын жаудың үйірген,

Құндыз бөрік, кебенек,

Қасқыр ішік киінген,

Ұлты үшін күйінген,

Жеріне көз салғанды,

Үркітіп, қойдай иірген.

 

Азаматың азғалы,

Тілің, дінің тозғалы,

Орысқұл ауру қозғалы,

Кимешек, жаулық жоғалып,

Арабша кебін оранып,

Безгелі ұлттық киімнен,

Сән кетті-ау, халқым үйіңнен.

 

Салтыңнан неге жерідің,

Сол еді... сәнің, көрігің.

Болмысын ұлттық жоғалтқан,

Құрметтейді сені кім?

Әділбек ҚАБА

 

Пікірлер Кіру