ЖЕРДЕН АУЫР НЕ?
19 қыркүйек 2023
3244
0
Оқу режимі
Балаби қартайған шағында халқын жиып:
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не? — деп,
төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Балаби өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен:
Жерден ауыр дегенім — ақыл, білім.
Судан терең дегенім — оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім — фани жалған, адамның өмірі.
Көктен биік дегенім — тәкәббардың көңілі.
Пікірлер
Кіру