Ибраев Тамирлан Дарханұлы

1991 жылы 23 сәуірде Қостанай облысы, Рудный қаласында дүниеге келген.

БІЛІМІ:

  • 1998-2007 жылдары Рудный қаласындағы №15 орта мектепте білім алған.
  • 2007-2010 жылдары Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
  • 2010-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Астана» медресесін тәмамдаған.
  • 2011-2014 жылдары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде дистанционды түрде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
  • 2013-2016 жылдары Түркия республикасындағы «Хасеки» шариғат академиясын аяқтаған.
  • 2017-2019 жылдары Еуразия Ұлттық университетіндегі «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура аяқтаған.  

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 2016-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» медресе колледжінде ұстаздық қызметін атқарған.
  • 2020 жылдан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келеді.