Жұманазар Садырханов

1979 жылы 23 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі ұл, үш қызы бар.

БІЛІМІ:

* 1985-1996 жылдары Түркістан қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепте білім алған.
* 1992-1995 жылдары Түркияның Стамбул қаласындағы «А.М.Худайы қоры, Умрания муфтилігіне қарасты Құран жаттау медресесінде» білім алып, қари атанған.
* 1997-2000 жылдары Қаазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Ислам институтын тәмамдаған.
* 2008-20012 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ, әлеуметтік білім бакалаврын тәмамдаған.
* 2013-2015 жылдары «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура аяқтаған.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

* 2001-2013 жылдары Алматы Орталық мешітінде наиб имамы;
* 2014-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «С.Ғылмани» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.
* 2019 жылдан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келеді.

Үндістан, Малайзия және Қырғызстандағы Құран жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 30-ға жуық қари тәрбиелеп шығарған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Муфтияттың 30 жылдығы медальдарымен марапатталған.

Бас мүфтилер — Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің, Ержан қажы Малғажұлы хазіреттің, Серікбай қажы Ораз хазіреттің, Бас мүфти — Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттердің алғыс хаттарымен марапатталған.

Араб, түрік, орыс, өзбек тілдерін біледі.
Муфтият жанындағы қарилар кеңесінің мүшесі.