2022 ЖЫЛЫ 94 КІТАП ДІНИ САРАПТАМАДАН ӨТТІ (ФОТО)
01 қаңтар 2023
2319
0
Оқу режимі
ҚМДБ Діни сараптама бөлімі 2022 жылы 94 кітапқа сараптама жасады. Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде бөлім меңгерушісі Нұрлан Қайырбеков баяндады.
«2022 жылы сараптама нәтижесінде 89 кітапқа оң қорытынды берілді. Оның ішінде 23 кітап өзге тілден аударылған болса, 12 кітап Исламдағы отбасы құндылықтары бала тәрбиесіне арналған. Ақидаға қатысты 53 кітап сараптамадан өтіп, оң қорытынды берілді. Жалпы алғанда соңғы үш жылда 240 кітап мүфтияттың діни сараптамасынан өтті» деді Нұрлан Евфратұлы.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру