40 жылдың ішінде әлемдегі жан-жануардың 60 пайызы құрып кеткен

02 қараша 2018 8008 0
Оқу режимі

Жабайы табиғат жөніндегі Бүкіләлемдік қор және Лондон зоологиялық қоғамдастығы жариялаған баяндамада 1970-2014 жылдар аралығында адамзат баласы жер бетіндегі мақлұқаттардың 60 пайызын жойып жібергені айтылады.

59 зерттеу компаниясының деректеріне сүйене отырып жасалған баяндамада 16 704 топқа бөлінген жан-жануар, бауырымен жорғалаушы, балық пен құс түріне бақылау жүргізілгені айтылады. Олар ұсынған мәлімет бойынша, жан-жануар түрінің 60 пайызы жер бетінен құрып біткен.

«Біз құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұрмыз.  Егер адамзат баласының 60 пайызы азайған болатын болса, Солтүстік және Оңтүстік Азия, Африка, Еуропа, Қытай аумағының барлығы бос жатар еді», – Бүкіләлемдік қор директоры Майк Барретт.

Ғалымдардың айтуынша, қырық жылдың ішінде құрып кеткен өсімдіктер мен жануарлар әлемін қалпына келтіруге 5-7 миллион жыл қажет көрінеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру