«Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжіне талапкерлер қабылданды (ФОТО)

31 тамыз 2022 2212 0
Оқу режимі

Павлодардағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінде 2022-2023 жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.

Қабылдау емтиханына дейін Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы талапкерлерге білімді Алла ризалығы үшін алу керектігін және ықылас, көркем мінез жайлы насихат айтып, талапкерлерге сәттілік тіледі.

Коммисия құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Серікбол Тілегенұлы (төраға), «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің директоры Нұрсейіт Абдумталиұлы мен директордың орынбасары Арман Қаиргелді болды. 

2022-2023 оқу жылында  «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің қабылдау коммисиясына 41 талапкер  құжат тапсырып, 30 талапкер оқуға қабылданды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру