«ӘC-СӘЛАМ» МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

04 қазан 2024 167 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әс-Сәлам» мешітіне наиб имам тағайындалды.

Қасиетті жұма күнінде өткен тағайындауға «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Рақымқазы Қабдысалым қатысып, жиналған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Сондай-ақ, енді ғана қызметіне кіріскелі жатқан наиб имам Айбек Нұрланұлын жамағатқа тыныстырып, жаңа қызметіне сәттілік пен береке тіледі.

Шахидани Айбек Нұрланұлы
1999 жылы 19 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Үйленген, 2 баласы бар.

Білімі:
2014-2015 ж.ж. Алматы қаласы «Көктөбе» қарилар дайындау орталығында тәлім алды;
2015-2018 ж.ж. Қызылорда қаласы Белкөл кенті «Қалмұхаммед ишан» мешітінің жанынан ашылған қарилар дайындау орталығында Құранды толық жаттаған;
2018-2022 ж.ж. Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінде шет тілі, екі шетел тілі (араб-ағылшын тілдері) мамандығын тәмәмдаған.

Тәжірибесі:
2022 жылы Алматы қаласы «Sunna Education» онлайн Құран үйрету курсында ұстаз қызметін атқарған;
2022 жылдан бастап бүгінге дейін Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Орталық «Әбіш Қожа» мешітінің найб имамы қызметін атқарды.

Пікірлер Кіру