«ӘЛ-ФАРАБИ»: БАЛАЛАРҒА ТӘТТІЛЕР МЕН АЙТТЫҚ СЫЙЛЫҚ ҮЛЕСТІРІЛДІ (ФОТО)
Сүннетке сай амал еткен мешіт ұжымы жыл сайынғы игі үрдісті жалғастырып, айт мейрамына ата-анасымен еріп келген кішкентай бүлдіршіндерге айттық сыйлық ретінде тәттілер тарту етті.
Айт – қуаныш пен шаттыққа толы күн немесе «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді. Сахаба Әнастан (р.а.) жеткен хадисте «Алла Елшісі (с.ғ.с.) Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл қандай күндер?», – деп сұрағанда: «қараңғылық дәуiрiнде ол күндердi ойын-күлкiмен өткiзетiн едiк», – дедi.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала осы екi күндi олардан да жақсы Құрбан және Ораза айт күндерiмен алмастырды», – дедi (Нәсәи хадистер жинағы). Айт күндері балаларға мейрамды сезіндіру сүннет болып саналады. Айт барша мұсылмандардың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін сезінуі тиіс.