«ӘЛ-ФАРАБИ» МЕШІТІНДЕГІ «ИМАНИ ЖАЗ» ОҚУШЫЛАРЫ КИНОТЕАТРҒА БАРДЫ (ФОТО)

27 маусым 2024 264 0
Оқу режимі

Жылдағы үрдіс бойынша «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіндегі «Имани жаз - 2024» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастап кетті.

Барлығы 180 бүлдіршін діни білім алатын жазғы курста оқушыларға «Имандылық әліппесі», «Құран әліппесі» және «Тәрбие дәрістері» кітапшалары беріліп, осы сабақтар негізінде білім алу үстінде.

Мешіт имамдары мен ұстаздары тәрбие сабақтарына өздері қатысып, балаларға Алла Тағаланы тану, ата-анаға құрмет көрсету, дұрыс тамақтану әдептері секілді пайдалы әрі маңызды дәрістерді жүргізіп келеді.

Бүгін сауат ашу курсының білім алушы шәкірттеріне мешіт ұжымы мерекелік көңіл-күй сыйлап, адалдыққа, достыққа үндейтін мультхикая тамашалауға апарды. Бір үйдің балаларындай болып кеткен шәкірттерге мультхикая ерекше мотивация сыйлады.

Діни біліммен қатар күнделікті дұрыс өмір сүру әдептерін үйреніп жүрген оқушылар мен олардың ата-аналары мерекелік мейрам сыйлағаны үшін мешіт ұжымына, ұстаздарға алғыстарын білдірді.

b83cc30a adf4 48b9 91b0 d89af07a3cf2

deb54b29 f619 4858 a22d 7879c3d8a203

2165eb0c a9eb 42f2 9478 2355236b8f25

be2f981e ce25 4c36 a046 4adb3c85c0ee

db736043 f876 4ba3 afa5 d237b4f186eb

Пікірлер Кіру