«ӘЛ-ФАРАБИ» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН МӘУЛІТ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

30 қыркүйек 2024 641 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әйел жамағатына арналған мәуліт жиыны өтті.

Шараға арнайы спикер ретінде шақырылған  «Көктал» мешітінің ұстазы Мухлиса Сайдуллақызы жамағатқа «Пайғамбар ғұмыры - үмметке ғибрат» тақырыбында уағыз-насихат айтып, Мәуліт айының қадір-қасиетін түсіндірді.

Жиын соңында викториналық сұрақтар қойылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Muftyat» баспасынан шыққан кітаптар сыйлыққа таратылды.  

Айта кетсек, қазір Ислам жыл санауы бойынша Рабиғул әууәл, яғни қасиетті Мәуліт айы. Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты атап өтілетін күн мәуліт деп аталады. Адамзаттың асыл тәжі, тектілердің төресі, асылдардың асылы, ізгілердің ізгісі, дегдарлардың дүрі, Пайғамбарлардың имамы, екі дүниенің бекзаты  Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жаратқан Иеміздің жаратқан нәрселерінің санындай, Аршысының салмағындай, Өзі разы болғандай сансыз салауаты мен сәлемі болсын!

Пікірлер Кіру