«ӘЛ-ФАРАБИ»: «ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЗИЯНЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)
Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылды.
«Әл-Фараби» мешітінің «Жастар ісі» бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін бейсенбілік кешке арнайы келген Астана қаласының өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «әл-Азхар» университетінің түлегі Ерсайын Қабылқанұлы жамағатпен жүздесіп, насихат айтты.
«Құмар ойындарының зияны» тақырыбындағы насихатта құмар ойынға бой алдырғандардың Құран аяттарындағы сипатына тоқталып, сондай адамдардың құлшылық пен намазына сүлесоқ қарап, қажыр-қайратын өзіне зиянды істерге жұмсайтынын атап өтті.
Көркем насихат соңында Ерсайын Қабылқанұлы жамағатты иманымызды күшейтіп, өзімізге, отбасымызға, айналамызға, қоғамға, қоршаған ортаға пайдалы істермен айналысуға шақырды.