«AL-FATTAH»: «ИМАНИ ЖАЗ-2024» ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ (ФОТО)

01 шілде 2024 198 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «al-Fattah» мешітінде «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсының жабылу салтанаты өтті. Мешіттің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев бүлдіршіндерге естелік сертификатын табыстап, алдағы білім жолына сәттілік тіледі.

Айта кетсек, «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында бүлдіршіндер арабша хат танып, Құран оқуды меңгеріп қана қоймай, әдеп, ғибадат, дәстүр сабақтарын да өтті. Сондай-ақ, ата-ананы құрметтеу, білім игеру, отанды сүю, жамандықтан қашық болып, жақсылық жасауға талпыну секілді түрлі игі қасиеттерді бойларына сіңіре түсу мақсатында тәлім-тәрбие жұмыстары да қарқынды жүргізілді.

14 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам, бала, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

7 адам және "EATTA ಲ್ಾೋ పిభాಳ බල බලා ব" мәтіні кескіні болуы мүмкін

3 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам, орамал және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру