«AL-FATTAH» МЕШІТІНДЕ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ РУХАНИ САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)

22 тамыз 2024 818 0
Оқу режимі

«Al-Fattah» мешітінде 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында «Айбике» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен 9-13 жас аралығындағы ұл-қыздар арасында «Салиқалы ұрпақ - ұлт болашағы»  атты рухани сайыс өтті.

Мешіт бас имамы Бағдат Абдукаримов пен клуб жетекшісі ұстаз Зарина Шамидуллақызының мұрындық болуымен жүзеге асқан сайыс 3 кезең бойынша өтті.

Атап айтсақ:

І кезең: «Отан - отбасынан басталады», мақал-мәтелдер сайысы;

ІІ кезең: «Дұға - мұсылманның қорғаны», суретке қарап дұға табу;

ІІІ кезең: «Қай жануар жасырылған?», Құран аяттарында жасырылған жануарларды табу.

Жарыстың мақсаты - өскелең ұрпақтың туған жерге және асыл дініміз Исламға деген махаббатын, білімін арттыру.

Жалпы 16 жасөспірім қатысқан сайыста 1-ші орын иегері Усманов Абдурахманға «Доктор Конг» брендінен ортопедиялық аяқ киімге сертификат берілсе, 2-ші орын алған Жұмабай Омарға «Детский мир» дүкеніне 15. 000 теңгелік сертификат берілді, ал, 3-ші орын иеленген Мақсұт  Мариямға «Детский мир» дүкеніне 10. 000 теңгелік сертификат табысталды.

Барлық қатысушыларға спортқа һәм оқуға қажетті құралдар сыйға берілді.

Пікірлер Кіру