«AL-FATTAH» МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ОТБАСЫМ – БАҚЫТ МЕКЕНІМ» РУХАНИ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО) 

09 қаңтар 2025 153 0
Оқу режимі

«Al-Fattah»  мешіті «Aibike» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Отбасым – бақыт мекенім» тәмсілімен 500 адамды қамтыған  рухани шара өтті. 

«Рухани кештің мақсаты — отбасы құндылығын дәріптеу,  әйел адамға күйеуінің разылығын табудың маңыздылығын айту, әрі отбасы бақытына жетуді ұғындыру», - деп атап өтті кештің ұйымдастырушысы, «Aibike» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Зарина Шамидуллақызы. 

Рухани кеште ұстаздар қатысуымен ғибратты көріністер де қойылып, арнайы фуршет дастарханы жайылды. Қатысушылар арасында Ұмра қажылығына (Tawaf trevel), Дубай және Түркия еліне саяхаттауға және Түркістанға рухани сапар жолдамалары табысталды. Сонымен қатар демеушілер қолдауымен бағалы, тұрмысқа қажетті сыйлықтар берілді.

Шараға басты қонақ ретінде шақырылған «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (қарттар үйі) қарияларына да арнайы бағдарлама әзірленіп, шеберлік сағаттары өтті және де сый-сыяпаттар берілді. 

Рухани кеш спикерлері: 
1. ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы («Зере әженің тектілігі» тақырыбында); 
2. ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Күлсара Мамырқызы («Ерін сыйлаған әйел, есікте қалмас» тақырыбында);
3. Рухани ментор, психолог Айнұр Шаймерденқызы («Дана әйел болудың сырлары» тақыбында); 
4. «Al-Fattah»  мешітінің ұстазы, «Aibike» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Зарина Шамидуллақызы («Бүгінгі күннің Хадишасы ол қандай?» тақырыбында) 
5. ҚР еңбек сіңірген әртісі, айтыскер ақын  Сара Тоқтамысова («Әйел бақыты» тақырыбында)
6. Кәсіби журналист, продюсер Маржан Сәдуақасова кеш жүргізушісі қызметін атқарды.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру