«ӘЛ-ФӘТТАХ» МЕШІТІНІҢ «АТАЛАР МЕКТЕБІ» ЖИЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

22 наурыз 2024 387 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «әл-Фәттах» мешітінің ақсақалдарынан құралған «Аталар мектебі» жиын өткізді.

Берекелі басқосуда құлшылық үйінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев ақсақалдарға Қазақстан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Аталар мектебі» жобасы бүкіл облыстарға қарасты мешіттерде жүзеге асып жатқанын, бұл игі бастаманың ұлтымыз мен елдгімізге, өскелең ұрпақ тәрбиесіне тигізер мол пайдасы бар екенін жеткізіп, осы игі бастама аясында жұмыла қызмет атқаруға шақырды.

Еске салсақ, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде бұқара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын «Аталар мектебі» құрылған болатын.

Возможно, это изображение 7 человек и текст

Возможно, это изображение 11 человек

Возможно, это изображение 10 человек и помост

 

Пікірлер Кіру