«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)
Жұма күні Астана қаласындағы Елорда жамағатына қалалық «Әл Ғани» мешітінде жаңа наиб имам сайланды. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ахметов Ғазиз Нұртайұлы наиб имамдық қызметіне тағайындалды.
Жұма намазына жиылған жамағатқа «Әл Ғани» мешітінің бас имамы Дулат Матаев Бас мүфти бұйрығын оқып беріп, жаңа наиб имам Ғазиз Ахметов Нұртайұлын таныстырып өтті.
Ахметов Ғазиз Нұртайұлы Елорда мешіттерінің жамағатына бұрыннан таныс. Кісілік келбетіне көркем мінезі жарасқан азаматтың осы уақытта дейінгі діни ахуалды өркендетуге бағытталған рухани шараларда қолтаңбасы бар десек, қателеспейміз. Қашан көрсеңіз де, дін қызметінен мойны бір босамайтын қажырлы жанды жаңа қызметімен құттықтай отырып, Елордада жалғасқан еңбек жолының жемісті болуын тілеп, жаңа қызметіне сәтттілік тіледі.
Ғазиз Нұртайұлы Тараз қаласы, 06 ақпан 1984 жылы дүниеге келген
БІЛІМІ: Жоғары, дінтану магистрі.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
2010 – 2012 «Әс-сәләм» мешіті, бас имам (Астана қаласы)
2012 – 2015 «Әзірет Сұлтан» мешіті, наиб имам (Астана қаласы)
2015 – 2017 «Кеңесхан қажы» мешіті, бас имам (Тараз қаласы)
2017 – 2019 «Әзірет Сұлтан» мешіті, наиб имам (Астана қаласы)
2019 – 2020 «Кеңесхан қажы» мешіті, бас имам (Тараз қаласы)
2020 – 2022 «Әзірет әли» мешіті, имам (Тараз қаласы)
2022 – 2023 жылдан бастап «Кеңесхан қажы» мешітінде наиб имам
Дереккөз: Muslim.kz порталы